• Басты
  • Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекорд көрсеткіш тіркелді
8 Маусым, 2020 10:15

Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекорд көрсеткіш тіркелді

7 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтыруға қатысты рекорд көрсеткіш тіркеліп, бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өзбекстанда бір тәулікте коронавирус жұқтыруға қатысты жаңа рекорд көрсеткіш тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалығы бойынша Өзбекстанда 237 кісі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен.

«Жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар», делінген хабарламада.


Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шықты. Олардың жалпы саны 3 354-ке жетті. Ал бүгінге дейін елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды