- Басты
- Затаевичтің құнды жәдігерлерінің тұсаукесері болды
Затаевичтің құнды жәдігерлерінің тұсаукесері болды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында «А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер», «А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері» атты бұрын жарыққа шықпаған туындыларының тұсаукесерін өткізді.

Оның аты мен артында қалған мұрасын қазақ халқының ән және аспаптық дәстүрін қадірлеуші қауымізет тұтады, ол халқымыздың бай мұрасын және өзіндік ерекшелігін алғашқылардың бірі болып бағалай білді және барынша сақтауға күш-жігерін жұмсады. Музыкант-тарихшылар үшін оның еңбектері кеңес билігінің алғашқы онжылдықтарының қиындығы мол, дегенмен маңызы зор кезеңінің жалғыз жанды куәсі болып табылады. Ол өзінің әндер мен күйлерді өңдеулерімен композиторларға дала дәстүрі негізінде академиялық музыканың туындауына және дамуына жол көрсетті.
Александр Затаевичтің 150 жылдығы аясында бұдан бұрын жарияланбаған қолжазбаларының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов бұл шара игі бастама екенін атап өтті.
«Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен биыл Александр Затаевичтің 150 жылдық мерейтойына орай Ресейдегі ұлттық музыка мұражайының мұрағатында зерттеу жүргізілді. Бұл мұражайда мәтіндік және фотоқұжаттар қоры, сондай-ақ ұлы музыка зерттеушісінің нота жазбалары сақталған. Бұл – қазақ музыкасы үшін телегей табыс. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларының да көздегені – руханиятымыздың осындай асыл қазыналарын түгендеу болатын, сол мақсат іске асып, міне, бүгін тамаша қолжазбалар көрермендерге жол тартты» - деп атап өтті ол.
Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, аталған қолжазбаларды зерттеушілердің, құрастырушыларының бірі Валерия Недлинаның айтуынша мерейтойлық салтанатты іс-шаралар аясында Қазақстан мен Ресей мұрағаттарында қауырт жұмыстар жүргізілді. Оның аралық нәтижесі – халық музыкасының бұдан бұрын жарияланбаған ноталарының жинағы – бүгін жұртшылыққа көрсетілді. Бұл тек аз ғана бөлшегі. Бұл жұмыстар 1920-1930 жылдардағы мәдениеттегі ахуал туралы қаншалықты аз білетінімізді көрсетті. Бұл аса зор құндылық енді музыкатанушылар мен жалпы жұртшылыққа зор септігін тигізеді.
Мұрағаттық зерделеу мен зерттеушілер қорытындысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласымен үндес болып отыр. Кең ауқымды зерттеулер, замануи тұрғыдан бағалау, ежелгі және өткендегі рухани байлықты сақтау және біздің мәдениетімізге қайта келтіру қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Тұсаукесерге арналған баспасөз конференциясына қатысқан Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Жұмабекова Дана Жүнісбекқызы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Елеманова Саида Абдрахимқызы қатысты.
Затаевичтің қазақ музыка мәдениетін сақтауға және насихаттауға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Көптеген онжылдықтар өтсе де біздің музыкалық-поэтикалық дәстүрге ғасырлар қойнауынан қандай рухани байлықтардың жеткенін және оларды сақтау мен көбейту қаншалықты маңызды екенін ескерте отырып, біздің ғылым мен өнерге әсер етуін жалғастыруда.
-
Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды
ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.
03 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Өскемендіктер пәтерге ие болды
Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:23
-
«Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды
Алматыдағы Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен «Қыз бен теңіз» әлеуметтік фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесерінде «Қазақфильм» киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туынды «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталғанын мәлімдеді.
25 Қараша 2019, 12:27
-
Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында республика бойынша "азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, елорда әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады, деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 09:30
-
"Шырақшы" фильмі Сочиде өткен Халықаралық фестивальде екі жүлдеге ие болды
"Шырақшы" фильмі Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлады Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" Баспасөз қызметі.
21 Қараша 2019, 11:00
-
Түркістан облысында 20 отбасы пәтерлі болды
Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді.
28 Қазан 2019, 09:48
-
«Атбайдың шайқасы» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавада болып өтті
Варшавада Әділхан Ержановтың "Атбайдың шайқасы" фильмінің әлемдік тұсаукесері болып өтті. Картина 11-20 қазан аралығында өткен 35-ші Варшава Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысты.
21 Қазан 2019, 12:52
-
Д. Назарбаева Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде болды
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Парламенті Сенатының Спикері Дариға Назарбаеваның және Сенат депутаттарының қатысуымен Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі аумағында кездесу өтті.Делегация қатысушыларына Astana Hub технопаркінің таныстырылымы жасалып, негізгі құралдары мен инфрақұрылымы көрсетілді.
15 Қазан 2019, 10:05
-
Қазақстан ДЭФ рейтингінде 55-орынға ие болды
Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 141 елдің арасынан өз позициясын 4 көрсеткішке арттырып, 55-орынға ие болды.Рейтинг 103 индикатордан (55 статистикалық және 48 сауалнамалық) тұратын 12 фактор бойынша бағаланады.
09 Қазан 2019, 10:54
-
Қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтары қандай
«Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?» тақырыбындағы ғылыми конференция барысында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» зерттеу жұмысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қазан 2019, 11:01
-
Талдықорғандықтар 100 коттеджге ие болды
Талдықорғандағы жаңа «Береке» шағын ауданында 100 коттедж үй салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сөйтіп Талдықорған қаласының туған күніне орай көп балалы аналар, ауған соғысының ардагерлері, кезекте тұрған азаматтар қоныстой қуанышына кенелді.
04 Қазан 2019, 17:37
-
«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды
«Үздік педагог 2019» атағына 64 ұстаз ие болды. Бүгін республикалық байқаудың жеңімпаздары мараптаталды. Республикалық байқаудың қалалық және аудандық турларына 3707-ден астам ұстаз қатысты.Облыстық деңгейге 630 мұғалім өтіп,финалда 108 ұстаз іріктелді, деп хабарлады Strtategy2050.kz тілшісі.
03 Қазан 2019, 17:04
-
Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды
2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша елордада 7 277 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
03 Қазан 2019, 12:14
-
Алматы облысында жаңа Күн электр станциясы пайда болды
Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды. Станция «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріне қосылған, таяу арада «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
25 Қыркүйек 2019, 09:21
-
Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.
13 Қыркүйек 2019, 14:01
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды