• Басты
  • Заң жобасына нақты тетіктерді енгізу керек - Марат Қоғамов

Заң жобасына нақты тетіктерді енгізу керек - Марат Қоғамов

12 Наурыз, 2020 16:24

 Заң жобасына нақты тетіктерді енгізу керек, деді профессор  Марат Қоғамов Strategy2050.kz тілшісіне.

"Мен қоғамдық тыңдалымдардың барлығына қатыстым. Тек Алматыда ғана болмадым. Егер де ғимарат 500 адамды ғана қабылдай алса, 600-700 адамды оған кіргізе алмайтыны белгілі.Ал далада болатын болса, көше тар әрі ұзын емес болса бұқаралық жиналуға объективті түрде қарау керек. Кейбір халықаралық тәжірибеде көшенің ұзындығы да айтылады. Кей жерлерде шерулердің көлемі мен адам саны айтылады. Мысалы, Ресейде де осы мәселелер тыңғылықты нақтыланады",-деді ол.

Сонымен қатар, Қоғамов бұрын қалыптасқан тәртіптер туралы айтып өтті. 

 "1948 жылы Жалпыға ортақ адам құқықтары бойынша Декларация қабылданды. әлемдік Конституция деп те айта алады. Сонда әрбір азамат,шегелеп айтамын: әрбір азамат бейбіт жиналыс өткізуге құқылы делінген. 1966 жылы халықаралық және азаматтық құқықтар бойынша халықаралық пактіде бұл норма біршама өзгертілді. Бейбіт шеруді өткізу құқығы ескеріледі деп берілді. Демократиялық қоғамда мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті ,өзге тұлғалардың денсаулығын сақтау қарастырылған. Біздің Конституцияда адамгершілік деген пункт жоқ. Оған не жататынын түсінетін шығарсыздар. Бірақ,ештеңе етпес. Бұл орайда билік пен полиция өздері реттеп,қарастырып алады деп ойлаймын",-деді ол.

Ол айтқандай,заң жобасында нақты дәлелдер мен дәйектерді бүге-шүгесіне дейін енгізу қажет.

"Мәселен, Қордай ауданында болған оқиғаға қатысты  бейбіт жиналыс өткізуді қарастыру дұрыс емес шығар",-деді ол.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар