• Басты
  • Заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған – Д.Абаев
27 Қыркүйек, 2019 13:56

Заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған – Д.Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған – Д.Абаев | Strategy2050.kz

Заң жобасы туралы БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бахнияз Қарашина айтып берді.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ   саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жетілдіруді жалғастыруда. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – қазақстандық медиа саланың дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Бұл ретте биылғы жылы біздің министрлік ҚР ақпарат мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірледі», - деді Б. Қарашина.

карашина.jpg

Сондай-ақ, ол заң жобасы аясында 5 негізгі норманы енгізу қарастырылып отырғанын айтты.

«Біріншіден, отандық баспа БАҚ-қа салықтық жеңілдік енгізу. Екіншіден, мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін жасақтау, үшіншіден, отандық БАҚ-та ішімдіктің атын алып тастау бойынша тауарлық белгінің жарнамасына тиым салуды алу, мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін теле-радио арналарда қай тілде беру бойынша өкілетті органдардың құзыретін анықтау, ақпаратқа қолжетімділік бойынша заңнаманы жетілдіру. Атап өтсек, өзгертулер Салық кодексіне, «БАҚ туралы», «Жарнама туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Теле-радио хабарларын тарату бойынша», «Ақпараттандыру туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына енгізіледі», - деді ол.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ішімдіктерге қатысты заң жобасына өзгертулер енгізу бойынша Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс істелгенін атап өтті.

«Ішімдіктің әсерінен жасалған қылмыстың саны өсті. Бұл ешқандай қылмысқа жарнаманың еш әсері жоқ деген сөз. Осы мәселені ойластырып жатырмыз. Екіншіден, әлеуметтік жарнаманы күшейтеміз. Қазір біздің ондай мүмкіндігіміз жоқ. Осыдан түскен қаржыны біз әлеуметтік жарнамаға жібереміз. Әлеуметтік жарнама «прайм-таймда» жүреді. Сағат 6-дан 10-ға дейін адам теледидарды көп көретін кезде жүреді. Сондай-ақ, жастарға қатысты мәселе бар. Мен бұрыннан айтып келе жатырмын, ата-аналар балалардың не қарап жүргенін өздеру реттеуі керек. Сондықтан да біз 10-нан 6-ға дейін жасөспірімдер демалады, мектепке дайындалады. Олардың нақты не қарайтынын ата-аналардың өздеру реттеуі керек», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ, министр шарап пен сыраны ғана емес, бренд жарнамасы жасалатынын айтты.

абаев.jpg

«Ресей және өзге де телеарналардан көріп жатырсыздар. Олардың брендтері туралы жарнамалар арналардан көрсетіледі. Ал біздің компаниялар жырақта қалып, өз өнімдеріміздің жарнамалары жүрмей жатыр. Сондай-ақ, бізге бұл қаржы әкеледі. Сонымен қатар, біз денсаулық мәселесін қолға алуымыз керек. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге бұл мәселені қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев «БАҚ туралы» заң жобасына енгізілетін өзгертулердің барлығы отандық БАҚ-тың жұмысын жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті.

«Осы заң жобасына енгізілетін барлық өзгертулер отандық БАҚ-ты қолдауға бағытталған. Бұл жерде журналистердің жұмысына қатысты мәселелер жоқ. Бұл заң жобасын біз жалпы БАҚ саласын қолдау үшін әзірледік», - деді Д.Абаев.

Айта кетейік, өзгертілген заң жобасы Мәжіліске жылдың соңында енгізіледі.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Арман Мұхатов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды