• Басты
  • Заң жобасы барынша қолайлы болады – Е.Саиров
21 Сәуір, 2020 11:52

Заң жобасы барынша қолайлы болады – Е.Саиров

Заң жобасы барынша қолайлы болады. Бұл пікірді саясаттанушы Ерлан Саиров «Бейбіт жиын туралы» заң жобасына қатысты білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Заң жобасы барынша қолайлы болады – Е.Саиров
«Біздің еліміздегі бейбіт жиындарға қатысты заң жобасы бүгінгі таңдағы елдегі әлеуметтік-саяси процестерді жаңғыртудағы алғышарт деп айтуға барлық негіз бар. Бұл заң жобасының бағдарлары мен драматургиясы бар. Оның 3 аспектісін айтуға болады. Біріншіден, мемлекеттік органдар не жеке адамдар азаматтардың бейбіт шеру өткізулеріне кедергі жасауға құқығы жоқ. Екіншіден, біз халықаралық стандарттарға сәйкес, бейбіт шерулерді өтукізудің тұрақтандыру жүйесіне өтіп жатырмыз. Яғни, азаматтар белгілі бір жерлерде жиналыс өткізгісі келсе, жергілікті мемлекеттік органдарды тек қана құлақтандырады», - деді Е.Саиров.

Сонымен қатар, саясаттанушы айтқандай, үшінші аспектісі - жеке пикеттер.

«Адамдардың жеке пикеттерін қалада немесе ауылда, қаланың инфрақұрылымының құрылысына әсер етпейтін, азаматтардың қауіпсіздігіне кері әсер етпейтін болса өткізуге болады. Яғни, әкімшілік алдында, басқа бір құзырлы органның алдында өткізуге болады. Сондай-ақ, біз заң жобасын қабылдаудың жұмыс тобының құрамындамыз. Журналистерге қатысты бүкіл кедергілердің барлығы алынып тасталды», - деді ол.

Сондай-ақ, ол басқа заңдарда бар кейбір актілер бұл заңнан алынып тасталғанын жеткізді.

« Заң жобасы қолдануға қолайлы. Қоғамдық процестерді жетілдіруде өзінің рөлін жақсы атқарады. Заман өзгеріп тұрады, қазір өзгерістердің динамикасы өте үлкен. Сондықтан да қандай да бір өзгеріс керек болатын болса, әрине, жаңа өзгерістер енгізуге болады. Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды