• Басты
  • Ақпарат министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасындағы қателер бойынша түсініктеме берді
15 Мамыр, 2020 13:36

Ақпарат министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасындағы қателер бойынша түсініктеме берді

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мәтініндегі грамматикалық қателіктерге қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Ақпарат министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасындағы қателер бойынша  түсініктеме берді
"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларының мәтінінде кездесетін қателіктер туралы түсініктеме бергісі келеді.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңында және заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында заң жобаларын әзірлеу кезінде сақталатын нақты ережелер қарастырылған.

Міндетті талаптардың бірі - заң жобаларын ғылыми-лингвистикалық сараптау.

Бұл жағдайлар бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларын әзірлеу кезінде ескерілді, заң жобаларының мәтіні Парламентте талқылануға дейін екі рет қажетті тексерулер мен лингвистикалық сараптамадан өтті. Ғылыми-лингвистикалық тексерулер нәтижелері бойынша барлық ескертулер ескеріліп, қателер түзетілді.

Заң жобалары Парламентке ұсынылған кезде оларға ілеспе құжаттар, оның ішінде ғылыми-лингвистикалық сараптама қорытындылары қоса беріледі.

Анықталған қателіктер туралы ақпарат бейбіт жиналыстар туралы заң жобаларының бастапқы нұсқасына қатысты, заң жобалары Парламентке жіберілгенге дейін бұл қателер жойылды", - делінген түсініктемеде.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бейбіт жиындар туралы заң жобасының қазақшасында лингвистикалық  қателер көп екенін айтып, шағымданған.

Күні кеше Сенат аталған заңды Мәжіліске жетілдіру  үшін қайтарып берген еді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды