• Басты
  • Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова
25 Мамыр, 2020 15:50

Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дың Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Каримова зінің сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy20502.kz.
 Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова
«Сайлауалды бағдарламасында Қ.К. Тоқаев өзінің басқарушылық саясатының негізгі ретінде «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» ұстанымдарын нақты айқындаған болатын. Бүгінде бұл ұстанымдар мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы алға қойған реформаларының негізі болып табылады», - деді Ж.Каримова.

 Сарапшы атап өткендей, коронавирустық пандемия жағдайында, оның әлемдегі ұлттық экономикаларға тигізетін теріс салдарлары тұрғысындағы барынша өзекті мәселе – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, Мемлекет басшысы экономикалық даму мен әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту процестері синергиясының маңыздылығын атап өтті.

 «Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеу жағдайында орын алуы тиіс.Заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, бүгін Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарады, яғни митингілердің жаңа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қоғамдық тәртіпке зиян келтірмей қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін танытуы үшін жағдай жасайды», - деді ол.

 Сарапшының айтуынша, жаңа заң тұжырымдамалық аппаратты нақтылап, негізгі ұғымдарды реттейтінін атап өткен жөн.

 «Бұл заңның дұрыс түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» заңда тұжырымдамалық аппарат болған жоқ.Егер бұрынғы заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді алдын ала рұқсат алу негізінде мүмкін деп таныса, бүгін Мемлекет басшысы қол қойған Заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткізудің хабарламалық және өтініш беру жүйесін қарастырады. Соңғы жаңартуларға сәйкес, пикеттер, жиналыстар, митингілерді ұйымдастыру және өткізуде хабарламалар жүйесі, ал демонстрациялар, шерулер ұйымдастырылған жағдайда өтініш беру жүйесі енгізілді», - деді ол.

Ж.Каримованың айтуынша, бүгін қол қойылған Заңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары мен міндеттері толыққанды қарастырылған. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған жағдайда өткізуге жол берілмейді.

   «Жалпы алғанда, заңның қабылдануы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі деңгейінде бастама ретінде көтерілген және ел Президентінің қолдауымен жүзеге асырылған саяси реформалар пакетіндегі маңызды тараулардың бірі болды», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды