• Басты
  • Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді – Е.Саиров
6 Мамыр, 2020 16:37

Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді – Е.Саиров

Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді, деді саясаттанушы Ерлан Саиров  Мәжілісте мақұлданған  парламенттік оппозиция туралы заң жобасына  қатысты пікірінде, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді – Е.Саиров

«Президент Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңестегі еліміздегі саяси реформалардың бірінші пакетінің аясында Парламент туралы заңға оппозиция жөніндегі өзгерістер енгізілді. Яғни, бұл еліміздің Парламентінде оппозициялық қызметтің кепілдігі жөнінде болып отыр», - деді Е.Саиров.

Саясаттанушы айтып өткендей, заңның екі аспектісі бар.

«Бірінші аспектісі, бүгінгі таңда оппозиция ешқандай диструктивті емес екенін көрсетеді. Еліміздің тұрақты дамуы тұрғысында мемлекетпен бірге істейтін позитивті күш. Екінші, Парламенттегі азшылық оппозиция үшін жұмысын дұрыс атқару үшін кепілдіктер береді. Оның ішінде комитеттерді басқару, бюджет бөлген кезде парламенттік азшылықтың мүдделерін қарастыру жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда біздің еліміздің саяси процестерін дамытуға жақсы әсер етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы аталған заң қоғамға да әсерін беретінін жеткізді.

«Парламентте оппозициялық жұмысты, еліміздегі бүкіл оппозициялық күштердің ешқандай да диструктивті емес екенін көрсетеді. Аймақтарда азаматтық белсенділер бар. Солардың жұмысына әкімшіліктер мен мемлекетік органдар көзқарасын өзгертететін болады. Заң азаматтық қоғамының дамуына септігін тигізеді», - деп түйіндеді Саиров.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың өздері бастамашы болған парламенттік оппозиция туралы заң жобасы мақұлданды. Құжат жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленді. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды