• Басты
  • Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды
28 Қазан, 2019 11:44

Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды


Қызылордада аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта психикалық ауытқулары бар және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, аутистік спектрі бұзылған балаларға білікті көмек көрсетіледі. 
Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, өңірде ерекше қажеттіліктері бар балалар саны 2 000-нан астам. «Ерекше» балалардың зейінін, мінез-құлқын, ойлау қабілетін дамыту, қажеттіліктері мен білімнің тең деңгейін алу үшін жағдай жасау мәселелері, оларды әлеуметтендіру өзекті болып қала береді. Розалия Рахимованың «Розалия және Эмир» жеке қорын ашып, осы салада белсенді жұмыс істей бастауына дәл осы жайт түрткі болды.

Розалия Рахимованың мақсатына жетуге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының «ӘREKET» көмектесті. Аталмыш жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, «Розалия және Эмир» ЖҚ осы жоба аясындағы грант иегерлерінің бірі атанды. Грант қаражатына орталыққа қажетті барлық жабдықтар, сондай-ақ дидактикалық материалдар сатып алынды.

«Мен «ерекше» баланың анасымын, біз менің балама көмектесе алатын білікті орталық іздеп бүкіл елді араладық. Сапалы қызмет көрсететін орталықты табу, әсіресе өңірлерде өте қиын және бұл менталдық және сөйлеу бұзылыстары бар балалардың ата-аналарының көпшілігі тап болатын нағыз проблема. Сондықтан, аутизм мен сөйлеуді түзету орталығын құру идеясы пайда болды», - дейді Розалия Рахимова.

Орталықта дипломы бар мамандар жұмыс істейді: логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДТ-мамандар, АВА-терапевттер. Орталықтың педагогикалық қызметкерлері күнделікті өмірге дайындау үшін балалармен түзету, дамыту, оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сабақтар қажетті дидактикалық, педагогикалық және спорттық құрал-жабдықтары бар бірнеше оқу кабинеттерінде өтеді.

«ӘREKET» жобасының арқасында өңірлерде қоғамға пайда әкелетін орталықтар ашылатыны қуантады.  Қызылорда қаласындағы аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы - бұл жергілікті атқарушы органдардың жүктемесін  ішінара өз мойнына алып, сондай-ақ қаржылық тұрақтылығын қаматамасыз ете отырып, әлеуметтік бизнес әлеуметтік проблеманы қалай шеше алатынының жақсы мысалы» , - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілі Жанар Жақсылықова.

Жобаны жүзеге асырудың 9 айында орталық ерекше қажеттіліктері бар 160-тан астам баланы қамтиды деп жоспарлануда. Орталық өз қызметтерін нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынады және әрбір мұқтаж балаға жеке тәсілдемемен білікті көмек көрсетеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды