• Басты
  • Қызылорда облысында табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды
23 Желтоқсан, 2019 16:27

Қызылорда облысында табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды

Қызылорда облысы табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын ұсынуға бағытталған «Менің құсымым» жобасы сәтті іске асырылып жатқан бесінші аймақ болды.
Қызылорда облысында табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды

Бұл жобаны тікелей авторы Айжани Нұрланова жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асыруда. Ол облыс әкімі Наурызбай Байқадамовпен тиісті меморандумға қол қойды. Жалпы үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын болады.

Жоба авторы мұқтаж азаматтарға үй кәсібін жүргізуге қайтарымсыз негізде қажетті инвентарьлар, жабдықтар мен материалдар ұсыну түрінде көмек көрсетеді.

Айжани Нұрланованың айтуынша, осы әлеуметтік бағдарланған жобаның қатысушылары үйден шықпай-ақ несие, кепілсіз және табысын растамай-ақ өз ісін аша алады. Бұл үйде нан өнімдерін пісіру, киім және үй маталарын тігу және тағы басқалар болуы мүмкін. Қатысушыларға қойылатын басты талап – табыс табуға ұмтылу және бизнеске жауапкершілікпен қарау.

Айжани Нұрланова осындай жобаны пилоттық режимде Маңғыстау облысында сәтті жүзеге асырды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі дағдыларына оқытылып, өз ісін ашты.

Қазіргі уақытта «Менің кәсібім» жобасы Алматы және Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылуда. Алдағы уақытта оны іске қосу бойынша меморандумдар барлық өңірлердің әкімдіктерімен жасалатын болады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды