• Басты
  • Қызмет алушыларға қызмет көрсету регламенті өзгерді
19 Мамыр, 2020 13:45

Қызмет алушыларға қызмет көрсету регламенті өзгерді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы  №36 Қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты, Мемлекеттік кірістер басқармаларында және Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға қызмет көрсету Регламентінің өзгергенін хабарлайды, деп хабарлады Strategy2050.kz департаментке сілтеме жасай отырып.
Қызмет алушыларға қызмет көрсету регламенті өзгерді

Электрондық түрде іске асырылған қызметтер,  («электрондық үкімет»  порталы, салық төлеуші кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы) тек электронды түрде көрсетіледі!

Мемлекеттік  кірістер  органдарында  салық төлеушілер тікелей электрондық түрде іске асырылмаған қағаз қызметтерін ғана ала алады.

Бұл ретте, кезекті алдын ала броньдау болған кезде ғана мемлекеттік кірістер органына келуге болады:

1) Кезектерді  басқарудың электрондық жүйесі бар мемлекеттік кірістер басқармаларында (Ақтау қ., Жаңаөзен қ., Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданы)  МКК  сайтында  http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation   мекен жайы  бойынша  онлайн  броньдау арқылы.

2) басқа мемлекеттік кірістер басқармаларында байланыс – орталықтарының нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алдын ала брондау бойынша.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарына «электрондық үкімет» порталының өтініш беру сервисі арқылы жүгінуге болады. 

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс тәртібі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін.

#mangystaumkd

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды