• Басты
  • ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды

ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды

13 Мамыр, 2021 17:42

KALIYA сахна есімімен танымал әнші және белсенді Ақмаржан Көшербаева БҰҰ Қазақстандағы халық қоныстану қорының (ЮНФПА) құрметті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Kaliya және UNFPA әйелдердің, қыздар мен жастардың жыныстық және репродуктивтік денсаулық туралы ақпарат пен қызметтерге қол жетімділігін арттыру және гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша өздерінің күш-жігерін біріктірмек.

ЮНФПА - Біріккен Ұлттар Ұйымының жыныстық және репродуктивті денсаулық мәселелері жөніндегі агенттігі болып табылады. Оның миссиясы – әрбір жүктіліктің қалаулы болуына, әрбір босанудың қауіпсіз болуына, барлық жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуына септігін тигізу.

«Адамдар ұзақ уақыт бойы жыныстық жетілу, етеккір, контрацепция, қалаусыз жүктіліктің немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алу сияқты тақырыптар бойынша сұрақ қоюдан қымсынады. Бұл әйелдердің, қыздардың және жастардың ең қарапайым қажеттіліктері мен құқықтарын бұзады», - дейді Қалия. 

Қажетті және дұрыс ақпаратты керек уақытта алу үшін кіммен сөйлесу керектігін білу және медициналық қызмет сынаусыз түрде жүргізілу - бұл сенімді, сау және қорғалған ортада өсіп жетілудің кілті.

87ee4cc3-5537-425f-b4a3-c728332ef624.jpg

Қазақстан жастардың сапалы репродуктивті денсаулығы туралы ақпарат пен қызметтерге қол жетімді болуын қамтамасыз етуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл жұмыс акушерлік-стационарлық көмек, босануға дейінгі күтім, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның алдын-алу және емдеудің сапасын жақсарту, жасөспірімдер мен жастардың сапалы және достық кеңестер мен қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған қарсы әрекет етуді қамтиды.

Осы жұмыс бойынша атқарылып жатқан шаралардың қатарына: Telegram каналындағы чат-ботты және жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған мобильді қосымшаны айтуға болады. Сонымен қатар жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) желісінің тұрақтылығын арттыру бойынша, оның ішінде гендерлік зорлық-зомбылықты анықтау және оған ден қою үшін медициналық персоналға қажетті білім мен дағдыларды оқыту арқылы дәйекті жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл Қазақстанның, соның ішінде ЮНФПА-ның қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыстың бірнеше мысалы.

Алайда бірқатар проблемалар әлі күнге дейін шешіліп келеді. Оның ішінде жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жоғары болуы, АИТВ және ЖҚТБ туралы білімдердің төмен болуы және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық COVID-19 пандемиясының салдарынан одан әрі арта түскені.

«Әйелдер мен қыздар қашан үйленетінін, кімге тұрмысқа шығатындығын және балалы болуды өздері шешуі керек. Орталық Азия елдерінде гендерлік теңсіздікке ықпал ететін патриархалды көзқарастар бар. Сондықтан қоғамға пайдалы дәстүрлерді насихаттау және қолдау маңызды және жалпы қоғамға зиян келтіретін әлеуметтік нормаларға қарсы тұру керек», - деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі, Қырғызстан мен Түрікменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе. 

Қоғамдық пікір жетекшілерімен және ықпалды адамдармен өзара әрекеттесу өмірлік маңызды ақпаратты ең мұқтаж адамдар үшін беру және тарату үшін үлкен маңызға ие. 

"Біз Қалиямен төрт жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз және оны ресми түрде құрметті елші ретінде тани алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз дұрыс және өте қажет ақпаратты ұсыну бойынша жемісті жұмыс күтеміз», - деп қосты ол.

ЮНФПА мен Калия арасындағы серіктестік 2017 жылы «Қыз тағдыры» (орысша - «Ее будущее») әнімен басталды, ол кейінірек гендерлік зорлық-зомбылықты, ерте және жоспарланбаған жүктілікті және жас әйелдер мен қыздардың басқа да мәселелерін қамтитын «Қыз тағдыры» жобасына айналды. Осы жобаның арқасында ол Қазақстандағы әйелдер мен жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы бойынша ЮНФПА спикері болды.

Ақмаржан Көшербаева әрдайым гендерлік теңдікті және Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресті жақтады. Соңғы бірнеше жыл ішінде ол репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен қызметтерге құқықты ынталандыруға және әйелдердің денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар ұлттық, аймақтық және жаһандық іс-шараларға қатысты. Калияның әні 2019 жылы Найроби саммитін ашты, онда Қазақстан МКНР күн тәртібін одан әрі ілгерілету бойынша бірқатар міндеттемелер алды.

Қалия әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының кең ауқымына, соның ішінде әлсіз балаларға, әйелдер мен жастарға көмек көрсетумен байланысты жобаларға белсенді қатысып келеді. Өткен жылы ол Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

Шоу-бизнес саласында мықты беделге ие бола отырып және репродуктивтік құқықтар мен гендерлік теңдікті қоса алғанда, адам құқықтарының қорғаушысы бола отырып, Ақмаржан Көшербаева Халық саны және даму жөніндегі халықаралық конференциядағы күн тәртібін және 2030 жылға қарай орнықты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша жұмыс істейтін болады.


Барлық жаңалықтар