- Басты
- Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр – Чжан Сяо
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр – Чжан Сяо
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр. Бұл туралы Қытайда оқитын қазақстандық студенттер мен Қазақстанда оқитын қытай түлектерін қабылдау кешінде ҚХР елшісі Чжан Сяо айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.

«Баршаңызды жыл сайынғы Қытай ЖОО-ларын тәмамдаған қазақстандық студенттерді қабылдау кешінде көргеніме қуаныштымын. Бұл кездесу қазақстандық қытайлар мен қытайтанушылар үшін қызықты әрі бірегей алаң болып табылады. Өткен жылғы кездесу әлі есімде, барлық қатысушылар осындай алаңда әңгімелесу мүмкіндігін сыйлаған үшін алғыс айтқан болатын. Себебі, көп адамдар бір қалада тұрса да бір-бірін сирек көреді. Осындай формат баршаңызға ұнайтыны аян», - деді Ч.Сяо.
Сонымен қатар, елші Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовқа университеттің екі ел арасындағы мәдени- білім ынтымақтастығына белсенді үлес қосып жатқаны үшін алғысын жеткізді.
«Аталған қабылдаудың ерекшелігі - алғаш рет қазақстандық ЖОО-ларда қазақ тілін үйреніп жатқан қытайлық қонақтар қатысып отыр. Олар Қытайда іріктелген ең білімді әрі дарынды балалар. Олар қазақ тілін меңгеруді жақында бастаса да, нәтижелері жақсы. Бұл біз үшін алғашқы тәжірибе, әрі қарай жалғасын табады деген үміттемін», - деді Ч.Сяо.
Елші айтып өткендей, аталған факт – көпмағыналы.
« Біріншіден,бұл екі ел арасындағы мәдени және білім беру тереңдігі мен мемлекетаралық қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді. Екіншіден, бұл қытайлықтардың Қазақстанға деген қызығушылығының артқанын көрсетіп отыр. Екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейі мен жетістіктерін айта отыра, Елбасының сәуір айында Қытайға жасаған сапарын еске салғым келеді. Сол кезде Елбасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Достық орденімен марапатталған болатын. Бұл оқиға екі ел дамуының тарихына өз үлесін қосты»,- деді Ч.Сяо.
Оған қоса, елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі сапарын да тілге тиек етті.
«Кездесудің қорытындысы бойынша екі ел көшбасшылары мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік мәртебесін қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл Тоқаевтың алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынас үшін маңызды кездесулердің бірі болды. Біз төртінші өнеркәсіптк революцияның басында тұрмыз. Ол өткен тәжірибенің барлығын жоққа шығарады. Жасанды интеллект, роботтандыру, заттар интернеті, виртуалды шындық, биотехнологиялар - жаңа экономикалық шынайылықтың көрнісі. Бұл бір жағынан көптеген мүмкіндіктің алғышарты, екінші жағынан – әлеуеттілікке қауіп төндіреді. Оның бірі дамып жатқан және дамыған елдер арасындағы алшақтықты арттыруы мүмкін. Біздің елдер өз кезінде үш революцияны өткізіп алды, ал қазіргі уақыт дамыған елдерді басып озуға мүмкіндік беріп отыр», - деді Чжан Сяо.
Сонымен қатар, елші келер жылы екіжақты оқиғаларға толы болатынын жеткізді.
«Жаңа жылда Елшілік сіздермен тығыз қарым-қатынас орнатуды күшейтеді. Біздің елшілік мемлекетаралық қарым-қатынастарды шешуге қатысты мәселелерді талқылап, шешімін табуға қолдауға әркез дайын», - деп түйіндеді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтулы мерекемен құттықтады.
13 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды
Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Маминнің, Үкімет мүшелері мен «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен конгресс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Altyn Oimaq», «Бизнес Кемелділік», «Іскер», «Ұлы Дала Елі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
13 Желтоқсан 2019, 16:47
-
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 09:10
-
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту қандай деңгейде
Елордада ҚР Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші съезі өтті. Шаранаң тақырыбы Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі:мемлекеттің,бизнестің және үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі арқылы ғана өндіріс әлеуетін іске асыруға болатынына арналып отыр,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 11:22
-
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды
Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 16 жобаны жүзеге асырды,деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Желтоқсан 2019, 10:16
-
Жастар жылы: "Студенттер альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір
"Қазақстан студенттері альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір. Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Волонтер жылының ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан "Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі Ілияс Түстікбаев елдегі студенттердің проблемасына, альянстың жастар жылы аясында істеген жұмыстарына тоқталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 17:01
-
Қ.Тоқаев: 1 қаңтардан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артады
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап барлық студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артатын болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы және Волонтер жылының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:26
-
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:05
-
Омск қаласында «Қазақфильмнің» туындылары көрсетіледі
2019 жылдың 16 желтоқсан күні Омск қаласының «Вавилон» кино орталығында Қазақстан киносы фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ туындылары – Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі. Бұл көрсетілімдерге Омск қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.
09 Желтоқсан 2019, 12:36
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
05 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
05 Желтоқсан 2019, 09:23
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды