• Басты
  • Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді
10 Сәуір, 2020 17:16

Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді

Кеше елордаға Қытай Халық Республикасынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер келгені белгілі. Бұл Қытай президенті Ши Жинпиң мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімі арқылы жүзеге асты. Осыған орай ел астанасында шетелден келген дәрігерлердің қатысуымен ҚХР-ның дәрігерлерімен тәжірбие алмасу жөнінде баспасөз мәжілісі өтті. Жиында сөз сөйлеген қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу деңгейіне, қолға алған шараларына жақсы баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді

Қытайлық жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Лу Сяобо елордаға келгеніне аз уақыт болса да, қазақтандықтардың аталмыш індетпен күресу шараларының жақсы жүзеге асып жатқандығын байқап үлгергенін айтты.

"Біз Нұр-Сұлтанға кеше келдік. Осы уақыт аралығында біз Нұр-Сұлтанда жақсы жұмыс жүргізіліп жатқанын байқадық. Біріншіден, карантин енгізілген. Біз көптеген әріптестеріміздің маска кигенін, тіпті бізді осында алып келген жүргізуші де арнайы киім кигенін көрдік. Сол себепті қолға алынған шаралар дұрыс деп ойлаймын. Кейін аурханаларға барып, жағдаймен толық танысқан соң толықтай баға береміз", - деді ол. 

Сонымен қатар ол аталмыш індетпен бетпе-бет келген кезде жасалу керек амалдарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, азаматтардың инфекцияны жұқтырғанын ерте анықтау өте маңызды.

"Бірінші кезекте ауруды ерте анықтау өте маңызды. науқастың коронавирус инфекциясын жұқұтырғаны белгілі болған кезде ол карантинге жатқызылуы қажет. Екіншіден, тікелей байланыста болғандарды тез арада тауып, оларға тес жасау қажет. Қазір 2 түрі бар тест жсаудың. Сонымен бірге емдеу барысында 4 маңызды қадамға мән беру қажет. Науқастың ауру тарихын білу керек, оның жалпы денсаулық жағдайын тексеру, қан алғанда дене қызуы көтеріле ма, жоқ па секілді нәрселерді бірінші жолға қою керек", - деді Қытайлық жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Лу Сяобо. 

Сонымен қатар баспасөз мәжілісіне қатысқан Қытай Шыңжаң Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь көрші елдегі коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жағдайына тоқталып өтті. Оның сөзінше, Қытайда инфекция белгілі болған алғашқы сәттерде коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлер көп болған.

"Қазіргі кезде Қытайда соңғы мәлімет бойынша 3 387 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Оның 90 пайызы Ухан қаласындағы медицина қызметкерлері. Бұл дәрігерлердің басым көпшілігі бастапқы кезде жұқтырып алғандар. Алайда кейін қолға шараларды жүргізу нәтижесінде жұқтыру саны азайды", - деді ол. 

Сондай-ақ дәрігер Лу Чэннің сөзінше, олар Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу жұмыстарына қатысқан.

"Біздің Шыңжаң аймағында коронавирус жұқтырған 76 жағдай тіркелді. Қазіргі кезде жаңадан жұқтырғандар жоқ. Оларды емдеу шараларына өзіміз қатыстық. Сондай-ақ Хубей провинциясында алғы шепте жүрген дәрігерлермен әрдайым байланыста болдық. Ауру көп тараған жердегі әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйенеміз. Олардың тәжірибелері жақсы нәтиже көрсетіп отыр", - деді Шыңжаң Автономиялық Республикасы халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 

Сондай-ақ ол кеше келгенін, әлі қазақстандық ауруханаларға барып үлгермегенін атап өтіп, жақында медицина орталықтарына барып, қазақтандық дәрігерлердің емдеу тәсілдерімен танысатынын жеткізді. 

Ал өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова қытайдан келген дәрігерлердің елеміздегі жұмыс істеу кестесіне тоқталды. Оның сөзінше, қытайлық дәрігерлер тек елордада ғана емес, еліміздің басқа да қалаларына сапарлап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибесімен бөліспек.

"Бұл кездесу екі басшыларының келісіміне сәйкес іске асырып отыр. Сол себепті қытайлық дәрігерлердің тәжірибелерімен бөлісу қызметі тегін. Олар ел астанасында 5 күн, Алматы қаласында 5 күн және Қарағанды қаласында 5 күн болады. Жергілікті медицина қызметкерлерімен емдеу шаралары жөнінде тәжірибелерімен бөліседі", - деді басқарма басшысы. 


Бұдан басқа Сәуле Кисикова медицина қызметкерлерінің үстеме ақы алуына қатысты мәселеге тоқталды. Ол журналистер тарапынан қойылған "алғашында 26 мың дәрігер үстеме ақы алады деп хабарланды, ал кеше министр 30 мыңдай дәрігер алатынын айтты. Қазір бұл қатарға кімдер қосылды?" деген сауалға былау деп жауап берді.

"Қазір кезде жағдайға байланысты коронавмруспен куресу үшін жоғары оқу орны, колледж секілді білім орталықтарының дәрігерлерін қызметке тартудамыз. Тек оларды ғана емес, медицина саласының ғалымдарын да шақырып жатырмыз. Үстемақы алатын дәрігерлер саны осыған байланысты өскен болуы керек", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Ал ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Магрипа Ембергенова қазіргі таңда Қазақстанда 120 медицна қызметкерінің аташмыш індетті жұқтырғаны, қазір емдеу шаралары жүргізіліп жатқанын тағы бір атап өтті.

"Бүгінде елімізде 120 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі. Олардың жағдайы бақылауда, қазір тиісті емдік шараларын қабылдауда. Дәрігерлердің жағдайы қанағаттанарлық", - деді ол. 


Бұдан бөлек департамент директоры кеше Қытайдан ұшып келген медицина қызметкерлерінен тиісті сынамалар алынғанын айтып өтті. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
207.46.13.34, 192.168.88.100