• Басты
  • Қытайдан тағы 363 қазақстандық эвакуациялануы мүмкін
11 Ақпан, 2020 16:36

Қытайдан тағы 363 қазақстандық эвакуациялануы мүмкін

Қытайдан Қазақстанға 363 қазақстандық азамат эвакуациялануы мүмкін. Бұл туралы әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай және оның ел аумағында таралуының алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қытайдан тағы 363 қазақстандық эвакуациялануы мүмкін
"Бүгін таңертең Қытай астанасы Бейжің қаласынан 217 қазақстандық азамат елге оралды. Олар Қытайдың 36 қаласынан. Барлығы кемінде  3 күн мерзiмге медициналық және зертханалық тексеру үшін стационарға жеткiзiлдi және емдеуге жатқызылды. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Жұмыс жалғасуда. Мерзімі аяқталған жағдайда және  талдаулары теріс болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша бақылауға берілетін болады. Сонымен қатар Бейжiң қаласындағы ҚР азаматтарын шығару мәселесі қарастырылуда. Бүгінгі таңда 363 адам қайтып келуге ниет білдіріп отыр", - деді Жандарбек Бекшин.  

Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Уханнан көрші мемлекеттерге эвакуацияланған қазақстандық азаматтардың жағдайына тоқталды.

"Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп Ухан қаласынан эвакуацияланған азаматтарымыздың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізілуде (Түмен облысы – 3 адам, Ташкент қаласы – 5 адам). Жағдайы қанағаттанарлық, коронавирус анықталған жоқ", - деді ол.

Сонымен бірге оның сөзіне сүйенсек, республика аумағында коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында 6 қаңтардан бастап мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде 260 885 адам қаралған, оның ішінде 30 852-і Қытай Халық Республикасынан.

"Бүгiнгi таңда температурамен және ЖРВИ симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылды, оның 113-і  сауығып шықты, 27-і стационарда жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Eмдеуге жатқызылған адамдардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ. Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 059 адамның денсаулығына тұратын жері бойынша 14 күн бойы мониторинг жасайды", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасарының сөзінше, әлемде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан үкіметі бірқатар шараны қабылдады.

"Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 27 қаңтарында ҚР Үкіметі жанынан Премьeр-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфeкцияның пайда болуы мен таралуына жол бeрмeу жөнiндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кіреді. Сонымен қатар ҚР аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мeн таралуына жол бермеу жөніндегі iс-шаралар жоспары іске асырылуда", - деді ол.

Сонымен қатар айта кету керек, ҚХР-дан шекара арқылы өтетін барлық пункттерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Сонымен қатар оның сөзінше, медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етіллген. Атап айтқанда,10,2 мың төсек, оның ішінде 4,4 мың қосымша төсек дайындалған. Бұдан басқа маска және тағы басқа медициналық бұйымдардың бағасы бақылау үстінде деді ол.

"Визалар беру, ҚХР азаматтарының 72 сағаттық визасыз режимi, "Қорғас" ШЫХО қызметі тоқтатылды. 1 ақпанда Ухан қаласынан санавиациямен 83 қазақстандық, сондай-ақ Қырғызстанның 18 азаматы, 5 – Беларусь, 1 - Арменияның  азаматы эвакуацияланды, олар кейiн арнайы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылды. Сонымен қатар кезең-кезеңмен жолаушылар тасымалы тоқтатылды", - деп атап өтті.

Сонымен қатар оның сөзіне сүйенсек, аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін қазақстандық диагностикалық жүйені әзірлеген.

Айта кетейік, 11 ақпадағы мәліметтер бойнша, Қытай Халық Республикасында барлық провинциясында жаңа коронавирустық пневмонияның 42 638 жағдайы тіркелген. Оның 1 016-ы қайтыс болған. Ал 3 996 адам емделіп шыққан. 

Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды