• Басты
  • Қытай елшісі: Отаршылдық туралы ой қытайлықтардың генінде жоқ
23 Қазан, 2019 13:14

Қытай елшісі: Отаршылдық туралы ой қытайлықтардың генінде жоқ

Елордада "Қазақстанның шығыс көршісі. Қытайдың қарқынды дамуы куәгерлер көзімен" деген атпен конференция өтті. Жиынға қатысып, алғашқылардың бірі боп сөз алған Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо қазіргі таңдағы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының даму барысына тоқталып, елдегі соңғы кездері белең алған антиқытайлық көзқарасқа қатысты пікір білдірді.
Қытай елшісі: Отаршылдық туралы ой қытайлықтардың генінде жоқ

Елшінің айтуынша, биылғы Елбасы мен ҚР президентінің Қытайға сапары екі ел байланысының жоғары деңгейге көтерілуіне сеп болды.

"Биылғы жылы Қазақстан мен Қытай байланысы жоғары деңгейге көтерілді. Осы жылдың сәуір айында ҚХР-дің төрағасы Си Цзинпин  ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Достық орденімен марапаттады. Ал, осыдан бір ай бұрын ҚР қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға алғашқы сапармен барып қайтты. Бұл сапар  екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына жаңаша серпін берді. Байланыстың жаңа деңгейі жаңа горизонттар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін", - деді елші.

Сондай-ақ, Чжан Сяо өз сөзінде, мемлекет басшысының Қытайға сапары кезінде Қазақстан мен Қытай арасында қандай салалар бойынша байланыс орнатылғаны жөнінде айтып өтті.

"Қытай мен Қазақстан машина жасау, ауыл шаруашылығы, химия-фармацевтика, мұнай-газ, энергетика салаларында 55 бірлескен жобаны жүзеге асыруды жалғастыра бермек. Біз сондай-ақ, жоғары технология саласында да, атап айтқанда, жасанды интеллект, телекоммуникация, биг дата, цифрландыру саласында да байланысымызды нығайтуды көздеп отырмыз. Сонымен  қатар, екі елдің мәдени, әдеби, рухани байланысын да жаңа биікке көтеріп, одан әрі дамыту үшін жұмыстар жасалып жатыр", - деді Чжан Сяо.

Сонымен қатар, Қытай елшісі Чжан Сяо Қытай үшін әлемдегі ең озық мемлекеттердің қатарына қосылу оңай болмағандығын, халықтың көптеген қиын күндерді бастан өткергені туралы айтты.

"Қытай бүгінгі жетістігіне оңайлықпен жеткен жоқ. Біздің мемлекетіміз 70 жыл бұрын қандай болды?  Сол жылдары Қытай артта қалған, даму мүмкіндігі аз, экономикасы төмен, кедей ел болатын. Сол кездегі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы сенаторларына коммунистік Қытай экономикалық қиындықтарды еңсере алмайтындығын айтып, күмән келтірді. Ал, қазір Қытай қандай қуатты мемлекет?! Әр азаматы мақтанышпен айта алады. 1950 жылдары Үндістанның жалпы ішкі өнімі Қытаймен салыстырғанда екі есеге көп болды, ал, 1990 жылдары бұл көрсеткіш теңесті. Бүгінгі таңда Қытайдың жалпы ішкі өнімі Үндістаннан бес есеге артты", - деді елші.

Бұдан бөлек, ол елдегі белең алған антиқытайлық көзқарасқа қатысты пікірін білдірді.

"Жақында Елбасы Назарбаевтың Хабар телеарнасына берген сұхбатын көрдім, және оны ерекше атап өткім келеді. Ол Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасына тоқталып, екі елдің бейбіт, достықта өмір сүру керегін атап өтті сұхбат барысында. Бәріңіз білетіндей, елдегі қазір жағдай күрделі, екі ел қарым қатынасына қатысты ел арасында негативті пікір көп. Қытайды отарлаушы мемлекет деп те айтуда. Алайда, мен отаршылдық туралы ой қытайлықтардың генінде жоқтығын және болмайтынын сенімді түрде айта алам", - деп сөзін аяқтады.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды