• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қырғызстаннан ауырған жылқының еті әкеліп сатылуда деген хабарлама жалған - АШМ

Қырғызстаннан ауырған жылқының еті әкеліп сатылуда деген хабарлама жалған - АШМ

26 Мамыр, 2020 09:03
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғызстан Республикасында жылқылардың белгісіз вируспен ауырып және олардың еті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына базарға сатуға әкелініп жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өлім аузында жатқан биені түсірген кадрлар пайда болды. Бейне түсірген адам жануар белгісіз вирусты жұқтырды деп болжайды.

Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясының ресми сайтында «Бүгінгі таңда Қырғызстанда жылқылардың жаппай ауруы анықталған жоқ» делінген. Ал, бейнетаспаға түсірілген жылқының өлімі уланудан және асқазанда қандала тарап кеткендіктен болған. 

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға ет және ет өнімдерін тасмалдау (импорттау) болмаған. Сондықтан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған жалған хабарлама үшін біздің азаматтарымыздың алаңдауына ешқандай негіз жоқ.





Барлық жаңалықтар