• Басты
  • Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі
25 Қараша, 2019 18:03

Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі

Осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік іс-сапармен барып, қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тоқаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездеседі

"27 қарашада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Соороньай Жээнбековтың шақырауымен мемлекеттік іс-сапармен барады. Президенттің сапар бағдарламасы Қырғыз Республикасы басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты келіссөз жүргізуді,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті V  отырысына қатысуды қарастырады. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық,  мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелері қаралатын болады", - деді ол.

Сонымен қатар СІМ ресми өкілінің сөзйне сүйенсек, қос президент бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоймақ.

"Тараптар мемлекеттер басшыларының бірлескен декларациясы және жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдері  Қазақстан Респубоикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөнінде кешенді бағдарламаны, сондай-ақ басқа да үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіту секілді бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр", - деді ол.

Сонымен бірге ол өз сқзінде 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 389,4 млн долларды құрағанын айтып өтті. Ал Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі осы кезеңде 269,2 млн долларды құраған.

Сондай-ақ Айбек Смадияровтың айтуы бойынша, 28 қарашада Бішкекте мемлекет басшысы ұжымдық-қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. 

"Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ұйым қызметі аясындағы өзара әс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар биыл ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асырудың қорытындысын шығарады деп күтілуде. Сонымен қатар ұжымды-қауіпсіздік кеңесі  Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі ұйым елдерінің ұжымдық іс-қимыл жоспарын және тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қосымша шаралар тізбесін бекітуді жоспарлап отыр", - деді СІМ өкілі.

Бұдан басқа ол 27 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бішкекте өтетін ұжымдық-қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сыртқы істер минситрлері кеңесінің, қорғаныс минситрлері кеңесінің, қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысатынын атап өтті.

"Іс-шара барысында ұйымның өткен жылғы қызметінің қорытындысы шығарылады. Халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасу өтеді. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралады. Сонымен қатар отырыста ұжымдық-қауіпсіздік кеңесінің қызметіне ұйым органдары рәсімдерінің ережелеріне, сондай-ақ ұйым бас хатшысын тағайындау рәсіміне байланысты құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарау жоспарлануда", деді ол. 

Сондай-ақ ол 10-11 желтоқсанда ел астанасында Сирия бойынша кезекті ХІV халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтетінін айтты. Оның сөзіне сүйенсек,  гарант елдер - Иран, Ресей, Түркия, Сирия Үкіметі, Сирия қарулы оппозициясы делегациясы қатысады деп жоспарлануда. 

"Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері қатысады. Отырыстың күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді: Сириядағы ахуал, Ифрат өзенінің арғы жағы және Идлиб мәселелеріне басымдық, тұтқындарды босату және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруді қоса алғанда сенім шаралары, босқындарды қайтару және мемлекет ішінде қоныс аударған тұлғалар контексінде Сирияға кешенді гуманитарлық көмек көрсетуді жандандыру, оның ішінде халықаралық конференция өткізу туралы тиісті бастамаларды талқылау, Конституциялық комитеттің іске қосылуы аясында саяси үдерістерді ілгерілету", - деді айбек Смадияров. 

Сонымен қатар оның айтуынша, аталмыш кездесу алаңында БҰҰ мен халықаралық Қызыл крест комитетінің кепілдері мен сарапшыларының қатысуымен күшпен ұсталып отырған адамдарға арналған жұмыс тобының Х отырысын өткізу жоспарланған. 

Бұдан басқа ол 25-28 қарашада Еуропалық Одақ кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобы өкілдерінің Қазақстанға арнайы танысу сапары өтетінін атап өтті.

"Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болу шеңберінде еуропалық дипломаттар парламент мәжілісінің депуттары, Бас прокуратура, сыртқы істер, сауда және интеграция, ұлттық экономика министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіліде деп жоспарлануда. Айта кету керек, еуропалық комиссия мен ЕО мүше мемлекеттер арасындағы байланыстырушы орган рөлін атқарады. Ол орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың барлық еспектілері бойынша еурокомиссияның жұмысын келіседі және бағыттайды. Аталған ұйымның құрамына ЕО-ға мүше мемлекеттердің 28 тұрақты өкілдіктерінің әрқайсысынан дипломаттар кіреді", - деді СІМ өкілі. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
66.249.70.66, 192.168.88.100