Қылмыстық атқару жүйесінде медицинаның орны бөлек - А.Кенжебайқызы

27 Мамыр, 2020 16:38
Қазіргі таңда маңызды мәселенің бірі бұл COVID-19 жұқпалы індетімен күрес мәселесі. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде және оған қарасты мекемелерде індеттің таралуын болдырмау мақсатында кешенді профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.Ол жұмыстың сапалы атқарылуын қамтамасыз етіп жүрген ақ халатты әскери қыз Кенжебайқызы Ақжұлдыздан пікір алған едік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Қызылорданың тумасымын. 2003 жылы Астана қаласының Мемлекеттік медициналық академиясына медико-профилактикалық іс мамандығы меңгеріп, 2011 жылы наурызда алғашқы еңбек жылдарын ақ халатты әскери қыз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің ЕЦ-166/10 мекемесінде Медициналық бөлімінің санитарлық дәрігер маманынан бастадым. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының аға маманы санитарлық дәрігер лауазымында қызмет етіп жүрмін», - деді ол.

   Оның айтуынша, ҚАЖ-де медицина саласының алатын рөлі орасан зор.

  «Атап айтсақ, департаментке қарасты мекемелерде ұсталатын сотталғандар мен тергеу-қамаудағылардың денсаулық жағдайына, тұрмыстық жағдайларына, азық-түлік сапасы мен толыққанды тамақтануына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталуына дербес жауап береді.Қазіргі таңда маңызды мәселенің бірі бұл COVID-19 жұқпалы індетінің елімізде кеңінен таралуы. Осыған орай, Департаментте және оған қарасты мекемелерде індеттің таралуын болдырмау мақсатында кешенді профилактикалық іс шаралар жүргізілуде. Департамент бастығы әділет полковнигі Ернат Кенжеханұлының Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдарымен оң саяси қарым-қатынасты орнатуының арқасында 6 мамырда жеке бас қорғану заттарын және дезинфекциялық заттардың 9 мың тоннасын және қол антисептигінің 100 литрін қосалқы көмек ретінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен ұсынылды», - дейді ол.

   Ақжұлдыздың ат салысуымен департаменттің және оған қарасты мекемелердің барлық қызметкері экспресс тестілеуден, одан бөлек ПТР диагностикалау арқылы 100-ге жуық қызметкер тексеріліп теріс нәтиже алынған. 

   «Одан бөлек, тергеу изоляторының карантин бөлімінен камераға шығару алдындағы және мекемеден айдауылданатын сотталғандарды ПТР әдісімен дианостикалау жұмыстары қаламыздың Зональды вирусологиялық лабораторясының қолдауымен жолға қойылды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті және мекемелерінің қызметкерлері өзін-өзі қорғау құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Аталған нысандарда дезинфекциялау жұмыстарына тікелей өзім қатыстым»,- дейді ол.

Ол атап өткендей, ел басына күн туып, әлемдік індетпен күресте тынбай еңбек етіп, азаматтар үйден шықпай сақтану кезеңінде кез келген маман жарғақ құлағы жастыққа тимей күні түні індеттің таралуына жол бермес үшін аянып қалмауы керек.

   «Қызмет барысында кездесетін ауыртпашылықты жеңуде, дұрыс шешім таңдауда отбасым ерекше қолдау көрсетіп отырады. Менің    2 ұлым мен 1 қызым бар. Отағасы Нариман екеуміздің отбасының тыныштығы жұмысты нәтижелі атқаруға көмек береді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар