- Басты
- Жаңалықтар
- Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі
Бүгінде кәсіппен айналысатындар қатары көбейіп келеді. Соның ішінде әйелдердің, әсіресе, ауыл шаруашылығы мен ауылды дамытудағы нәзік жандылардың орны ерекше. Қазіргі кезде ауылдық жерлерде әйелдер жұмыс күшінің 47%-ын құрайды екен. Бұл туралы Қостанай облысы ауыл әйелдері форумында белгілі болды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
400 мың әйел АШ саласында жұмыс істейді
БҰҰ мәліметтері бойынша, дамушы елдерде ауыл әйелдері жұмыс күшінің шамамен 43%-ын құрайды. Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың мәліметінше, Қазақстанда ауылды жерлерде әйелдер жұмыс күшінің 47%-ын құрайды, бұл әйелдердің 400 мыңға жуығы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді деген сөз.
«Ауылда өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамыту және табысты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бүгінгі Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Осыған байланысты «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні осы жылдың 5 айында бағдарламаға қатысушылардың жартысын әйелдер құрап отыр, 50,1% немесе 144,5 мың, оның ішінде 75,8 мыңы ауыл әйелдері», - деді вице-министр.
Қолдау шаралары
Вице-министрдің сөзінше, әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі қолдау шаралары қарастырылған:
1. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту.
«Бүгінгі күні олар 4300 әйелді қамтиды, оның 1500-і солтүстік облыстардан», - деді Ержан Біржанов.
2. Несие түріндегі кәсіпкерліктегі әйелдердің бастамаларын қолдау.
«Әйел тұрғындарға берілген несиелердің 84% -дан астамы ауыл әйелдерінің үлесінде болуы маңызды. Сонымен бірге, солтүстік облыстардан келген ауыл әйелдері 652,7 млн.теңге сомасына 250 шағын несие алды», - деді вице-министр.
3. Өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 7 мың әйелге 200 АЕК (583 мың) мөлшерінде грант берілді, оның 1 мыңға жуығы солтүстік облыстардан.
«Осындай қолдау шараларының арқасында жаңа тігін шеберханалары, наубайхана, сұлулық салоны, сүт және басқа да өндіріс орындары және басқа да кәсіпкерлік нысандар ашылды», - деді Ержан Біржанов.
Қостанайда 464 жоба іске асырылуда
Сонымен бірге, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Қостанай облысында жеке кәсіпкерлердің 50%-ы, яғни 22,2 мыңы әйелдер екенін атап өтті. Облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін 10 жылдан астам уақыттан бері «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, әйелдер қауымы оның белсенді қатысушылары.
«Жалпы, бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңінде 1230 жоба (35%- әйелдер басқаратын жобалар (3 520 бірл.) субсидиялау және кепілдік қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау тапты, соның ішінде 464 жоба ауылда іске асырылады. Ағымдағы жылы кәсіпкер әйелдерге мақұлданған жобалардың 41% тиесілі (1002 жобадан 413)», - деді Бақыт Есімова.
Оның айтуынша, бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған ауылды жерлерде бизнесін өркендетіп отырған біраз әйел бар. Мәселен, Денисов ауданынан «Мороз Ольга Александровна» жеке кәсіпкер балаларға арналған тауарлардың (ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киім, аксессуарлар және т.б.) кең ассортименті бар 2-ауданда алғашқы «Детский Мир» мамандандырылған дүкенін ашты. Субсидияланған несие көлемі 9,5 млн теңгені құрады.
«Қостанай облысынан Любовь Модина басқаратын «Добрый пекарь» ЖШС «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының белсенді қатысушысы. Биыл ол субсидиялаудың артықшылығын пайдаланып, 95 миллион теңге несие алды. Алынған қаражатқа печенье өндірісіне арналған жабдықтар сатып алды», - деді әкім орынбасары.
Сонымен бірге, оның айтуынша, облыстағы әйелдердің бизнес-жобаларының басым көпшілігі сауда қызметімен байланысты, мәселен, тамақ, киім және аяқ киімнің бөлшек саудасы. «Бизнестің жол картасынан» басқа, кәсіпкерлерге көмек «Қарапайым заттар экономикасы» өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы шеңберінде де көрсетіледі. Жоба іске асырыла бастағаннан бері 50,7 млрд. теңгенің 304 жобасы мақұлданған. Көрсетілген қолдаудың жалпы көлемінен 4,6 млрд.теңгеге 121 жоба (40%) әйелдер, ал 1,2 млрд.теңгеге 91 жоба (75%) ауылдық жерлерде жүзеге асырылмақ.
Сонымен қоса, облыс әкімінің орынбасары әйелдер кәсіпкерлігі «Еңбек» бағдарламасы бойынша да микрокредит беру арқылы белсенді қолдау тауып отырғанын атап өтті. Осы бағдарламаны іске асыру кезеңінде 13,6 млрд.теңге сомасына 3 281 микрокредит берілген. Оның 34% -ын әйелдер алды. Осы жылы берілген шағын несиелердің жалпы көлеміндегі әйелдер үлесі 42% -ды құрайды, яғни 125-тен 53 жоба.
«Биыл «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» жобасының жеңімпазы Қостанай облысынан «Жасыл технологияларға» негізделген шаруа қожалығының жетекшісі, меценат Ирина Корнеева атанды. Ол мал шаруашылығын дамытумен айналысады, Денисов облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты», - деді ол.
Айта кетейік, аталмыш форум Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен Қостанай облысының әкімдігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ ұйымдастырды.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді