• Басты
  • Волонтерлық – жанның көңіл-күйі - А.Аймағамбетов
12 Ақпан, 2020 12:19

Волонтерлық – жанның көңіл-күйі - А.Аймағамбетов

Волонтерлық – жанның көңіл-күйі, деді «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисы ашылуының кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Волонтерлық – жанның көңіл-күйі - А.Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл бастаманы білім саласында қолдап, әрі қарай дамытып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы айтты ғой, студенттерге тиісті үстемақы беру, волонтерлықты барлық мектептер мен колледждерде, ЖОО-ларда дамыту қажеттігін айтты. Сондықтан да біз осы жұмысты жүргізетін боламыз. Біз қазірдің өзінде жұмыстан волонтерлыққа уақытты ұрлап жатырмыз. Көп жағдайда волонтерлықпен айналысқан кезде оны жұртшылыққа жая бермейді. Сондықтан да волонтерлық – жанның көңіл-күйі», - деді Білім министрі.

Сондай-ақ, А.Аймағамбетов волонтерлық балаларға сабақты орындауға көмектесу, ағылшын тілін үйрету, балалар үйіндегілерге жәрдемдесу сынды көп саладан тұратынын айтты.

«Президент волонтерлық біздің қанымызда жатқанын айтты. Сондықтан да бұл істі дамытуымыз керек. Халық бұл қозғалысқа іштей дайын. Волонтерлық туралы айту өте маңызды. Себебі, біз мектептерде шаралар өткіземіз. Қоғамға өз үлгің арқылы серпін беруің керек. Көптеген жастар ауылдарға барып, ағылшын тілін үйретіп жүр. Осы сынды игі істер туралы жиі айтып тұру керек. Көп танымал адамдар ауылдық елді мекендерге барып, өзінің тәжірибесі мен көзқарасымен бөліседі. Оған қоса, еріктілікпен біздің ата-әжелеріміз де айналысады. Себебі, олар мектептерге барып, өздерінің өмір жолдары туралы айтып, дәріс оқиды. Осының барлығы волонтерлыққа жатады. Қазір балалар үйінде тәлімгерлікті дамытып жатырмыз. Бұл да игі істердің бірі болып табылады», - деді А.Аймағамбетов.

Аягөз Құрмаш  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды