• Басты
  • Волонтерлар Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат алды
12 Маусым, 2020 18:25

Волонтерлар Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат алды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында «Biz Birgemiz» республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлады "Jas Otan" Жастар қанатының баспасөз қызметі.

Волонтерлар Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат алды

Таяуда партияның Лидері қазақстандық волонтерға өз ықыласын білдіріп, алғыс хаттарға қол қойған еді. 

Салтанатты шара барысында «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, волонтерлар бүкіл ел бойынша 250 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп бергенін атап өтті. Сонымен қатар, Жасотандықтар алғашқылардың қатарында Мақтаарал ауданына аттанып, қазіргі кезде су басудан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. 

волонтеры награждение (4).jpeg

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының желісі бойынша, меценаттардың қолдауымен. аса мұқтаж отбасыларға атаулы көмек ұйымдастырылды. Осынау жұмыстарды атқаруда волонтерларымыздың рөлі зор болды. Бұл жұмыспен сіз, өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық позициямен жанашырлықтарыңызды таныта отырып, жастарға үлгі көрсеттіңіздер», - деді Елнұр Бейсенбаев

волонтеры награждение (2).jpeg

Осы аптаның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен үш мыңдай қазақстандықты марапаттау жоспарланғанын атап өткен жөн. Олардың арасында партияның өңірлік филиалдарының волонтерлары мен белсенділері, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдардың өкілдері бар. 

Барлық жаңалықтар