• Басты
  • Волонтерлар қатары жыл санап артып келеді – пікірлер
12 Ақпан, 2020 12:48

Волонтерлар қатары жыл санап артып келеді – пікірлер

«BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисы ашылуының кулуарында «Ұлттық волонтерлық жүйе» ЗТБ төрағасы Вера Ким мен «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасының амбассадоры Өз кезегінде Гүлмира Әбдірашева өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Волонтерлар қатары жыл санап артып келеді – пікірлер

«Ұлттық волонтерлық жүйе» ЗТБ төрағасы Вера Ким бүгінде волонтерлық бастамаларды біріктіретін бірыңғай орталық құрылғанын айтты.

«Жыл бойы бүгін анықталған бағыттар бойынша жұмыс істеп, шеберлік сыныптары мен дәріс өткізу мүмкіндігі бар. Өңірлер де бізбен тек байланыс орнатып қана қоймай, Qazvolontuer.kz сайты арқылы жасаған жұмыстарын реттей алады. Волонтерлардың қатары артады деп ойлаймын. Себебі, сайт ашылғалы бері тіркелгендердің саны 16 мыңды құрады. Көмекті қажеттілік ететін ұйымдар да жұмыстарын жақсартады деп сенемін», - деді Вера Ким.

Өз кезегінде «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасының амбассадоры Өз кезегінде Гүлмира Әбдірашева бүгінгі таңда жұмыс істейтін бағыттар өте көп екенін айтты.

«Бүгін жоғары мәртебелі Президенттің өзі жануарлар мен адамдарға қамқорлық танытудың маңыздылығы туралы айтты. Мен үлкен шабыт алдым. Біз жануарларды қорғаудың маңыздылығы туралы көп жылдан бері айтып келеміз. «Мейірімділер клубы» жануарларға да, адамдарға да қамқорлық танытады. Себебі, егер сен өзіңді волонтер, ерікті деп санасаң бір бағытты ғана таңдау мүмкін емес. Мәселен, балаларға көмектесіп, мысықты тебу деген болмайды. Бүгін мемлекеттің тарапынан қуатты қолдау болды деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар, ол волонтерлардың саны жыл санап артып келе жатқанын айтты.

«Мен волонтерлықты паш етіп жасауды қолдаймын. Кейбір адамдар оның арқасында танымалдылыққа ие болып, пиар жасайсыңдар деп айтады. Алайда, менің көзқарасым басқа. Себебі, бұлар имидждік пиар, барлығы ол туралы білулері керек. Жыл сайын қала мен өңірлер бойынша ұйымдардың да, ерікті адамдардың да қатары артып келеді», - деді ол.

Сонымен қатар Г.Әбдірашева фронт-кеңестің басымдығы көп екенін айтты.

гульмира.jpg

«Бұл адамдардың белсенділігін арттырып, 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Волонтерлар «көлеңкеден» шықты деп ойлаймын. Егер осыған дейін еріктілерге тегін жұмыс күші, шарруа ретінде қараса, қазір бұл елдің клиникалық патриоттары мен қоғамның саналы түрі екені анықталды. Бұл мемлекеттің кемшіл тұстарын көрсетіп, саясатын теріске шығару емес, керісінше, мемлекетке жұмыс істеу. Кеннедидің «саған елің не істегеніне емес, сен елің үшін не істегеніңе қара» дейтін тағылымды сөзі бар. Бұл әркез өзіңнен бастау керектігін көрсетеді», - деді ол.

Айта кетейік, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасының мақсаты - қарттар үйіне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді жұмылдыру.

Жоба аясында Алматы, Ақтау және Павлодар қалаларында қарттар үйіне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді жұмылдыру бойынша жобаларды іске асыруда волонтерлерге қолдау көрсететін 3 әдіснамалық орталық құрылатын болады.

Бұл жобадан күтіліп отырған нәтижелер: қарттар үйіне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді жұмылдыру бойынша жобаларды іске асыруға азаматтардың қатысуын кеңейту, 1000 жұмылдырылған және оқытылған азаматтар мен волонтерлер, 68-ден кем емес шағын грантты іске асыру.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100