• Басты
  • Вице-министр Ажар Ғиният коронавирус жұқтырғандар көп тіргелген аймақтарды атады
3 Шілде, 2020 11:39

Вице-министр Ажар Ғиният коронавирус жұқтырғандар көп тіргелген аймақтарды атады

Бүгін елордада COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы өткен баспасөз мәжілісінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көп тіргелген аймақтарды атады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғиният коронавирус жұқтырғандар көп тіргелген аймақтарды атады

Вице-министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып келеді.

"Коронавирусқ қатысты жағдай бүкіл әлемде күрделі болып отыр. Көптеген елдерде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын вирус жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі бір айдың ішінде шамамен 4,5 пайызды құрады. Облыстарда өсім 2 пайыздан 8 пайызға дейін көтерілуде. Бүгінде елімізде 44 100-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Күніне орташа есеппен 1500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазіргі уақытта ауруханаларда ковид пневмониясымен 8500 науқас емделіп жатыр", - деді Ажар Ғиният.


Оның айтуынша, соңғы айда ковид инфекциясымен ауырған науқастардың ең жоғарғы өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалаларда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркелген. 

"Мысалы, жеке адамдар арасындағы инфекцияның ең жоғарғы өсімі Атырау облысында, Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Ауру тарауда әр облыстың өзіндік ерекшелігі бар. Науқастардың медициналық көмек алуы кезінде оларда қиындықтардың туындау себептері де әртүрлі. Азаматтар Нұр-Сұлтанда сырқаттануына байланысты медициналық ұйымдарға өздігінен көп жүгінеді және ол еліміз бойынша жалпы өлім жағдайларынан 3-тен 1 бөлігін құрап отыр. Алматы қаласында ковид инфекциясымен ауыратындардың негізгі үлесі скрининг кезінде және байланыста болған адамдар арасында анықталуда", - деді вице-министр.


Алайда, оның сөзінше, қалада ковидпен ауырады деп күдікке ілінген науқастарды жатқызатын провизорлық ауруханалардың орны толық. 

"Бүгінгі таңда стационарларда реанимациялық төсектер тапшы болып отыр. Бұл жерде пневмонимен ауыратын науқастар ем алуда. Ковид инфекциясы бойынша жағдайы күрделі үшінші өңір - Атырау облысы. Кен орындарындағы өршу көп болуына байланысты Атырау облысы бойынша инфекциялық төсек-орын қоры да тез толықтырылды. Бұл жерге жұмысшылар облыстың әртүрлі аудандарынан, сонымен басқа облыс пен елдерден келеді. Шымкент қаласындағы инфекциялық ауруханаларда реанимациялық төсек-орын жеткіліксіз. Шымкент - халқы тығыз қоныстанған қалалардың бірі. Онда Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты қалаларға қарағанда ірі республикалық клиникалар жоқ, онда жалпы төсек қоры шектеулі", - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар вице-министрдің сөзіне сүйенсек, Батыс Қазақстан облысында инфекцияны сырттан әкелу жағдайлары көп. 

"Облыс басқа елдермен шекаралас және сыртқы шекаралас көші-қон және көршілес облыстарға ішкі еңбек миграциясымен ерекшеленеді. Осыған байланысты бұл облыстарда байланыста болған адамдарды анықтау жұмысын жүргізу өте қиынға соғуда. Қазақстанда байланыста болған адамдардың саны көбеюде. Ол бүгінгі таңда 115 мың адамға жетті. Байланыста болған адамдар әлеуетті науқас болып саналғандықтан, дәрігерлер оларды COVID-19-ға тестілеу, динамикалық бақылау жұмысын жүргізуде. Өкінішке орай, азаматтардың арасында байланыста болғанын әдейі жасыру жағдайлары да орын алады", - деді ол. 

Сондай-ақ оның сөзінше, қазір медициналық көмекті көрсету үшін барлық медициналық шара қабылданып, іске асырылып жатыр. Елімізде амбулаториялық-емханалық ұйымдастыру желісі кеңейтілген.

"Соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесінде науқастардың емханаларға бекітілу аумақтығы бұзылған. Бір отбасының мүшелері әртүрлі емханаларда тіркелген. Үйде қызмет көрсету аумағынан тыс келген адамдардың санаты пайда болды және олар үшін емханаларға қолжетімділік қиын болып отыр. Емханалар өз жұмысын тоқтатқан емес", - деді вице-министр. 

Сонымен қоса Ажар Ғиниятқызы эпидемиологиялық жағдайға байланысты пациенттердің инфекцияны жұқтыруын болдырмау үшін емханалардың жұмыс форматы қашықтан қызмет көрсетуге ауыстырылғанын еске салды.

"Осы мақсатта емханалардың жұмысы төмендегідей ұйымдастырылды. Бірінші, уческелік қызметтің жұмысы және консультациялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтан көрсетілуі тиіс. Екінші, жоспарл көмек диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігерлердің көрсетілімдері бойынша онлайн жазылу арқылы жүзеге асырылады, емханаға алдын ала күні бқрын шақырылады. Емханаларда қазіргі жағдайда кезек күтуге, көп адам жиналуға ол берілмеуі керек. Бүгінгі күні жұмысты көшпелі мобильдік бригада арқылы ұйымдастыруды жалғастырудамыз", - деп толықтырды вице-министр.


Оның сөзінше, қазіргі таңда үш үлгідегі 383 жылжымалы мобильді бригада жұмыс істеп жатыр. 

"Бригадалардың бірінші түрі - COVID-19 симптомдары бар, ЖРВИ белгілері бар, тыныс алу жеткіліксіздігі бар адамдардан тест алады. Бригадалардың екінші түрі - COVID-19 расталған пациенттерге медициналық көмек көрсетеді. Бригадалардың үшінші түрі - созылмалы аурулары бар пациенттермен жұмыс істейді, жүкті және балаларға патронаж жүргізеді. Халықты ауру жағдайында іс-қимыл алгоритмі бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету үшін: дені сау адам үшін, ЖРВИ бар пациент үшін, COVID-19 бар пациент үшін жаднамалар әзірледі. Бұл жаднамалар учаскелік дәрігерлер арқылы, бірыңғай Call-орталықтар арқылы және  телефон арқылы берілетін  болады", - деді Ажар Ғиният.
Барлық жаңалықтар