• Басты
  • Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек

Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек

17 Ақпан, 2021 17:49

Бүгін елордада өткен баспасөз мәжілісінде денсаулық сақтау саласының мамандары вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтерe, сонымен бірге постковидті асқынулар жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұлдың сөзінше, қазіргі уақытта вирустық респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғыштары бар. Ал, ең көп таралған қоздырғыштар қатарына А және В тұмауының вирустары, риновирустар, парагрипп вирустары (1-4 тип), респираторлы-синциты вирусы, коронавирустар және аденовирустар жатады. Сонымен қоса, ол жақында коронавирустардың (MERS-CoV, SARS-CoV, NL63 және HKU) және энтеровирустардың бұрын белгісіз болған белгілері анықталғанын, бокавирустар мен метапневмовирустар сияқты жаңа вирустардың да табылғанын атап өтті. 2019 жылдың желтоқсанында SARS-CoV-2 вирусы алғаш рет анықталды.

Инфекцияның жұғу жолдары

Оның айтуынша, тыныс жолдарының инфекциясы негізінен ауа-тамшыларымен және қарым-қатынас арқылы жұғады. Ауа тамшылары 0,9 метр радиуста ауыратын адамның түшкіру немесе жөтелу нәтижесінде ауаға шашылған шырыш бөлшектері арқылы таралады.

«Көптеген вирус жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын қоздырады, бірақ басқа респираторлық вирустар, мәселен, риновирустар төменгі тыныс жолдарының инфекция жұқтырады, кейде өкпенің паренхимасына да әсер етеді. Кейбір инфекцияларда жасуша өлуі мүмкін», - деді Манар Смағұл.

Оның пайымынша, респираторлық инфекцияларды қарт адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар (асма, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары) және иммунитеті төмен адамдар тез жұқтырады.

Вирусты пневмония

Маманның айтуынша, көп жағдайда аурудың асқынуы - вирустық пневмонияға алып келеді. Вирустық пневмония кезінде науқастың жағдайы тез нашарлайды, көптеген науқастарда 24 сағаттың ішінде тыныс алуды қиындатады. Бұл механикалық желдетумен жедел тыныс алуды қажет етеді.

Аурудың алдын алу шаралары

«Маскалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың бір реттік, сонымен қатар көп рет пайдалануға болатын түрі бар. 2, 4, 6 сағат қана қолданылуы бетперделер бар. Бұл маскалардың бағасы да әртүрлі. Бірақ үнемі бір масканы киюге болмайды, себебі бетпердені ауыстырмай кию арқылы да ауру жұқтырып алуға болады», - деді мекеме директорының орынбасары.

Сонымен бірге, ол қолдың гигиенасы - тұмау мен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмайтын маңызды шаралардың бірі екенін еске салды. Сабынмен жуу вирустарды жояды. Егер қолды сабынмен жуу мүмкіндігі болмаса, алкогольді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану керек.

Сонымен бірге, Манар Смағұл саяхаттауды, адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан бас тарту - ауру қаупін азайтуы мүмкін екенін еске салды.

«Түнде қалыпты ұйықтау керек. Өйткені, ұйқы кезінде жаңа иммундық жасушалар пайда болады. Ұйқының жетіспеушілігі ағза ресурстарының босқа жұмсалуына әкеледі. Стресстен аулақ болу керек, себебі бұл ағзаның өзімен күресуінің төмендеуіне әкеп соқтырады», - деді ол.

Бұдан бөлек, спорттық жаттығулар жасап, көп уақытты далада өткізуге кеңес берді. Сонымен қатар, жаман әдеттерден, мысалы, алкоголь, темекі шегу, шамадан тыс тамақтану секілді дүниелерден де аулақ болуға шақырды.

Постковидті асқынулар

Каpдиология және ішкі ауpулаp ҒЗИ ішкі ауpулаp кафедpасының пpофессоpы, м. ғ. д. Сәуле Қасенова постковид синдpомы немесе ковидтен кейінгі асқынулаp CОVID-19-дан жазылған адамдаpдың шамамен 20%-ында кездесетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ұзақмеpзімді және 12 апталық болуы мүмкін, ал 2,3% жағдайда ұзақ уақыт заpдап шегеді. 

«Жалпы ұзақмеpзімді белгілеpдің ішінде медицина қызметкеpлеpі тұpақты жөтел, субфебpильді темпеpатуpа, ентігу, әлсіздік, кеудедегі ауыpсыну немесе қаттылық, жүpек соғысының жиілеуі, бас ауpуы, дәм/иіс жоғалуы, бас айналу, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, көңіл-күйдің өзгеpуі, ұйқының бұзылуы, делиpий (қаpттаp) және психикалық денсаулықтың бұзылуын (мысалы, мазасыздық, депpессия) байқаған», - деді пpофессоp.

Сонымен қоса, ол постковид симптомдаpын үш топқа бөлуге болатынын атап өтті.

«Біpіншісі - тыныс алу жүйесі белгілеpі. Тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпеде қабыну пpоцесі. Бұл жеpде жөтел де, ентігу де күшейеді, жаттығу кезінде ауа жетіспейді, ал импульстік оксиметp қалыпты болады. Екінші - әлсіздік. Адам жата беpгісі келеді, күші жоқ. Үшіншісі - жүйке жүйесінің зақымдануы, психикалық бұзылулаp, ұйқының бұзылуы, дәм мен иіс жоғалуы, ойлау қабілетінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы», - деп түйіндеді Сәуле Қасенова.

Барлық жаңалықтар