• Басты
  • ВИДЕО: Шымкентте науқастарды емдеген 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды
8 Шілде, 2020 10:05

ВИДЕО: Шымкентте науқастарды емдеген 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды

Шымкент қаласында аз уақыттың ішінде 9 бірдей медицина қызметкері екіжақты пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы видео facebook  желісінде тарады , - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
ВИДЕО: Шымкентте науқастарды емдеген 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды



Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, роликте көрсетілген 9 дәрігер Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істеген.

"Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында қайтыс болды. Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа болып жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екіжақты пневмония себеп болып отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Барлық жаңалықтар