• Басты
  • ВИДЕО: Медициналық масканың қорғаныш деңгейіне эксперимент
8 Шілде, 2020 17:44

ВИДЕО: Медициналық масканың қорғаныш деңгейіне эксперимент

Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылған "Bionick - Pro" медициналық бетперде шығару өндірістік орнының директоры маскалардың жасалу жолын көрсетіп, маскалардың қорғаныш деңгейін тексеруге шақырды, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
ВИДЕО: Медициналық масканың қорғаныш деңгейіне эксперимент
Өндірістік орынның директоры Арон Қадыровтың айтуынша, қазір нарықта қорғанш маскалары өте көп. Бірақ, бәрінің бірдей сапасы сын көтермейді. Ол кез келген маскаға эксперимент жасап, тексеруге болатынын түсіндірді.
Масканың ішіне толтырып су құйып көру керек. Егер су ағып кетпесе, демек бұл масканың қорғаныш деңгейі жоғары. Су төгіп тастаған соң мата сулы болмау керек, яғни су сіңірмейтіндей болу керек. Масканы қайшымен қиып, бір шетіне от тигізіп көргенде, маска жанбау керек, тек еріп кетеді. Осындай нәтиже көрсеткен маскалар сапа бақылауына сәйкес және микроб, вирус сияқты сыртқы факторлардан қорғай алады деп түсінуге болады. Қазір медициналық бетпердегі сұраныс көбейген сайын түрлі сапасыз, қорғаныш деңгейі төмен маскалар көбейді. Қазіргі эпидемиялық жағдайда маскаларды ажырата білген дұрыс, - деді А. Қадыров.
Екі аптаға жуық уақыт бойы Нұр-сұлтан қаласының стационарлары мен дәріханаларын медициналық маскамен қамтамасыз етіп жатқан өндіріс тәулігіне 180 000 дана маска шығара алады. Олар шикізатты Түркия және Иран елдерінен алдырады. Үш қабатты маскалардың қорғаныш деңгейі 92%.


Барлық жаңалықтар