• Басты
  • Денсаулық сақтау министріне екпе салды
16 Қыркүйек, 2020 17:42

Денсаулық сақтау министріне екпе салды

Бұл аптаның басы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзіне екпе салдыруынан басталды. 14 қыркүйек күні таңғы сағат 08.00-де журналистер Нұр-Сұлтан қаласындағы  №6 емханаға ағылды. Алексей Цой дәл осы уақытта тұмауға қатысты вакцинаның егілуіне "старт" берді. Өзі де журналистердің алдында тұмауға қатысты екпе салдырды. Дәрігерлер министрдің дене қызуын және қан қысымын өлшеп алды. Бәрі дұрыс екен. Медбике екпе салуды бастап кетті. Цоймен бірге бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова да келді. Бірақ ол вакцина салдырмады. Журналистермен әңгімелесті. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір елдегі жағдай тұрақты. Ауру саны өсіп жатқан жоқ. Бірақ ЖРВИ өршитін кезде оған қосылып коронавирус та асқынуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан, тұмауға қарсы вакцина салдыру дәл қазір үлкен маңызға ие. Екі күннің ішінде 20 мыңнан аса қазақстандық тұмауға қарсы екпе салдырды. Оқиға орнында болған Strategy2050 тілшісі мен операторы дайындаған видеороликті назарға ұсынамыз.


Барлық жаңалықтар