• Басты
  • VI Съез: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының нәтижелері
24 Қазан, 2019 13:27

VI Съез: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының нәтижелері


Елордада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, мемлекеттік органдар және еліміздің 17 өңірінен бизнес-қоғамдастықтар атынан делегаттардың қатысуымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі өтті. Съезде талқыланған түйіткілді мәселелер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
 VI Съез: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының нәтижелері

Съезді ашқан ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Съездің күн тәртібімен таныстырып өтті.Съезд барысында Палатаның атқарылған жұмысы туралы есебі, «Атамекен» ҚР ҰКП дамуының жаңа мақсатты моделі және бизнестің түйткілді мәселелері қаралды.

20191024_113305.jpg

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңы мен жарғысына сәйкес, съездің күн тәртібін көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықтаймыз. Өткен съезде Ұлттық палатаның жақындағы 5 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын анықтаған болатынбыз. Биылғы жылы ауқымды жұмыс жүрізілетін болады», - деді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов «Атамекен» ҰКП атқарылған жұмысының есебін таныстырды.

«ҰКП Стратегия бағдарламасы мен кәсіпкерлікті дамытудың 100 қадамы аясында бірқатар жұмыстарды атқарды. 5 бағыт: бизнестің құқығын қорғау, бизнестің жауапкершілігін арттыру, бизнес ортаны жетілдіру, тарифтік саясатты жетілдіру, қаржылық қолжетімділікті кеңейту бойынша айтып берсем. Қазір кәсіпкерлер аудандық деңгейге дейін қолдауға ие. 17 өңірлік палата жұмыс істейді, 19 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 191 қолдау орталықтары бар. Съездің өткен жылғы шешімі бойынша 98 пайыз кәсіпкер тағы 3 жылға мүшелік төлемді өтеуден босатылды. Жылына 144 млн теңге кірісі бар бизнес салық төлемейді», - деді Р.Жүрсінов.

Сонымен қатар, ол биыл ҰКП-ға 174 қауымдастық тіркелгенін айтты. Жыл санап, қаржыландыру артып отыр. 9 айда ол 670 млн теңгені құрағанын айтты.

«ҰКП жұмыс істегелі бері 30-дан астам өтінім қабылдадық. Өтінімдердің саны қысқарып жатыр. 2016 жылы 7200 өтінім түссе, 2017 жылы 5200 өтінім келіп түсті. 28 пайызға қысқарып отыр. 2018 жылы тағы 10 пайызға қысқарды. Бизнес ортаны жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Іскерлік ортаны жақсарту бойынша 7 ірі заң жобасы қабылданды. «Атамекен» сарапшылары 621 жүйелі проблеманы анықтады, соның ішінде 490 мәселе (79%) шешімін тапты», - деді Р.Жүрсінов.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда процедуралар санын қысқарту, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған түзетулердің 8-ші пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құру бойынша жұмысты жүргізуде, аталған бизнес-тізілім барлық мемлекеттік органдардың деректер базаларымен біріктіріледі. Бірыңғай бизнес-тізілімді іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған. 2019 жылы «Атамекен» елдегі 5 ірі сауда алаңы мен 100 мыңнан астам тауар позицияларын біріктіретін «Сатып алулардың бірыңғай терезесін» іске қосты», - деді ол.

Сонымен қатар, съезд барысында Ұлттық палата «Atameken Digital» – дамуының мақсатты моделін таныстырды. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның барлық сервистері енді бірыңғай цифрлық алаңға топтастырылады, онда кез келген кәсіпкер қызметтерді қашықтықтан қолдана алады.

Талқылау барысында Ұлттық палата қаржыландырудың қолжетімділігі және отандық кәсіпкерлердің сатып алуларға қатысу арқылы импортты алмастыру мәселелері мен АӨК саласында субсидиялардың төленбеуін қоса алғанда, бизнестің түйткілді проблемаларын көтерді.

20191024_113656.jpg

Экономиканы несиелеу төмендеп барады, оған ҚР Ұлттық банкінің деректері дәлел: 2019 жылдың 9 айы ішінде заңды тұлғаларды несиелеу үлесінің бүкіл қарыз беру портфелінен 11%-ға 7,9 трлн теңгеден 7 трлн теңгеге дейін қысқарған.

20191024_114255.jpg

Мәселені шешу үшін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен импортты алмастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды.

20191024_122939.jpg

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Атамекен» ҰКП алғашқы күннен бастап еліміздегі бизнесті қарқынды дамытуға қажетті жағдайды жасап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бизнес экономиканың негізі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекет пен бизнес арасында сенімге негізделген әріптестік құрылды. Ұлттық палата да дамуға үлес қосып келеді. Елдің сапалы дамуы үшін бинестің ашылуына жағдай жасаудың стратегиялық маңызы зор»,- деді А.Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қазақстан экономикасында қалыптасып жатқан трендтер мен жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«9 айдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 4,3 пайызға артты. Сонымен қатар, ел экономикасының қарқынын арттыру мақсатында резервтер табу үшін күш салу керек. Аталған маақсаттарға қол жеткізудің негізгі тетігі экономиканың капитал сыйымдылығы деңгейін арттыруды кеңейту деп есептейміз. Біз бүгінде бүгінде 41 трлн теңге тұратын әлеуетті әрі инвестициялық жобалар пулын қалыптастырдық. Мерзім 2025 жылға дейін болып отыр. Жалпы, біз 2025 жылға дейін негізгі капиталға құйылатын инвестиция капиталының деңгейін 2025 жылға дейін ЖІӨ өсімінің 30 пайызын құрайтын көрсеткішке жеткізу. Оған қоса, тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 2025 жылға қарай 34 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр инвестиция тартуға өңдеу өнеркәсібі, жанармай-энергетикалық, агроөндірістік кешен, туризм, көлік, логистика саласының әлеуеті бар екенін айтты.

«Біз отандық бизнесті осы үрдістерге белсенді қатысып, қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасауға шақырамыз. Бүгінде елдің 30 пайыз белсенді халқы шағын және орта бизнеспен айналысады. ШОБ үлесі экономикада 28,5 пайызды құрайды. Оған қоса, Палатамен 2025 жылы 35 пайызға 2050 жылы 50 пайызға жеткізу бойынша стратегиялық мақсат қойылған. Ол үшін жүйелік және құрылымдық шаралар кешенін қабылдау керек. Дүниежүзілік банк «Doing Business» бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын 3 тармаққа – 28-ден 25-ке дейін көтерді. Бұл бизнес әлеуетті жақсарту нәтижесінде жүзеге асып отыр», - деді А.Мамин.

Сонымен қатар, Премьер-Министр қарапайым заттар экономикасын дамыту үшін жеңілдікті несиелеуді жүзеге асыру қарастырылып отырғанын айтты.

«Бұл 600 млрд теңге. Жедел басқару және бағдарламаны жүзеге асыру кезінде кедергілерді жою мақсатында біз Атамекен негізінде жобалық кеңсе құрдық. Ол өте тиімді жұмыс істейді. Жергілікті қамту саласы ерекше қадағалауға алынған. Ішкі нарықты қауіпсіз емес және сапасыз өнімнен қорғау шаралары қаабылданып жатыр. Бұл тек халықты тұтынушылар ретінде қорғау ғана емес, өндірушілерді жалған бәсекеге қабілеттіктен сақтау болып табылады. Біз техреттеу мен сстандарттаудың тетіктерін белсенді қолдануымыз керек. Меніңше, Атамекенмен осы бағытта жұмыс істейміз деген ойдамын», - деді А.Мамин.

Одан басқа, А.Мамин тағы қосымша 300 мың адам кәсіби оқытумен қамтылатынын айтты.

«Елбасының 5 бастамасын жүзеге асыру аясында 24 мың микронесие берілді. Жұмыстың қорытындысында 22 мың адам жұмыспен қамтылды. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 3 жылда бизнес негіздеріне 88 мың кәсіпкер оқытылды. Оны жалғастыруды жүзеге асырамыз. Осы және өзге де жаңа бағдарламалар аясында қысқамерзімді кәсіптік оқытумен 300 мың адамды қамтуды жүзеге асырмақпыз», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға серпін беретін тағы бір сала – тұрғын үй саясатын жүргізу екенін атап өтті.

«10 жыл ішінде біз тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 6,4 трлн теңге болатын жоба осы мақсатта әзірленіп жатыр. Қабылданған шаралар баспанамен қамту, құрылыс саласына жаңа серпін береді. Қорытындысында, экономика саласы есебінен тұрақты даму қабылданатын болады. Жалпы, Үкімет бизнеспен барлық проблемалық мәселелерді  шешу мен бизнес ортаны жетілдіру  бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратын болады», - деді А.Мамин.

  Сондай-ақ, съезде салық салу саласында ҰКП «салықтық демалыс» кезеңінде тікелей қолданылатын қарапайым әрі түсінікті Салық кодексін әзірлеу, Еңбекақы қорынан салық салу базаларын сәйкестендіру, оларды бірыңғай төлемге біріктіріп, жүктемесін 20-25%-ға дейін төмендетуді ұсынды.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Кенжетай Ақсейітов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды