- Басты
- Жаңалықтар
- Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
Комиссия жұмысына тең төрағалар ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бірінші орынбасары Элис Уэллс қатысты. Қазақстандық делегация құрамына ішкі істер, ұлттық экономика, сауда және интеграция, ақпараттық және әлеуметтік даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және әділет министрліктерінің өкілдері кірді.
Комиссия отырысының негізгі мақсаты 2019 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағын анықтау болды.
Іс-шараның күн тәртібі жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, лаңкестік пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, Сирия мен Ирактағы соғыс аймақтарынан Қазақстан азаматтарының репатриациясы және реинтеграциясы сияқты көптеген тақырыптарды қамтыды. Киберқауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, Орталық Азиядағы аймақтық сауда қатынастарын нығайту, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл, гуманитарлық өлшем мен адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық та қарастырылады.
Комиссияға қатысушылар Қазақстан экономикасын әртараптандыру жолында іскерлік серіктестікті одан әрі тереңдетудің, атап айтқанда өнеркәсіптік өндіріс, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау және қаржы салаларында маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, екіжақты сауда, оның ішінде Жалпы преференциялар жүйесі аясында кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанда ДСҰ министрлік кездесуіне дайындық кезінде ынтымақтастық орнату туралы, сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруі туралы келісімге қол жеткізілді.
Гуманитарлық өлшемдер жөніндегі комитеттің отырысында білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты құру, БАҚ-ты дамыту және қазақстандық үкіметтік емес секторды қолдау жолдары қарастырылды. Американдық тарап Қазақстанның осы бағыттардағы күш-жігерін жоғары бағалады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция