• Басты
  • Вакцина алғандар әсерімен бөлісті

Вакцина алғандар әсерімен бөлісті

5 Мамыр, 2021 11:35

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанда қатары күн сайын өсіп жатыр. Әлеуметтік желідегі парақшаларында вакцина салдырған қоғам белсенділері вакцинадан алған әсерлерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан facebook желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық ғалымдарлы қолдап, «QazVak» салдырғанын мәлімдеді.

«Мен өзіміздің Қазақстандық ғалымдарды қолдаймын және сенемін! QazVak-ты салғыздым. Астанада Абу-Даби ғимаратында салып жатыр, 2-ші қабатында. Кезек жоқ, 10 мин ішінде салып жіберді. Тағы 30 мин отырасың, кетесің», - деп жазды ол.

182207439_3950173445067457_2414426582588746079_n.jpg

Белгілі кәсіпкер Ғалым Пірекешов те вакцинаны аса қажеттіліктен салғанын жазды. Оның айтуынша, жұмыс барысымен көптеген адаммен қарым-қатынаста болатындықтан ауру жұқтыру қаупі жоғары

«Бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін ектіріп, жанұямызбен көптен күткен төлқұжатымызды алдық. Жұмыс барысымен біраз қарым қатынаста болатындықтан, іс-сапарда жүргенде қауіпті індетті жұқтыру қауіпін алдын алу мақсатында осындай шешімге келдік», - деді ол.

Ол отбасының денсаулығы бәрінен маңызды екенін жазды.

«Ең алдымен жанұямның амандығы. Әр бір азамат осы мәселеге ойланып, бастысы қәте менен кетпесін деген шешім шығарған дұрыс секілді. Вакцина ектіруге кезекте тұрғандар тек медицина, білім саласы мен полиция қызметкерлері, сонда халқымыздың саулығы басқа ешкімге керек емес па?», - деп жазды кәсіпкер.

Екпе салдырған елордалық Айнагүл Хабидолланың айтуынша, екпе пункінде адам көп.

«Дәрігердің қабылдауы, жеке кеңес беру, анкета және вакцина. Бірінші екпені оң иығымнан жіберіп еді, екіншісін сол иығымнан жіберді. Кезекке тұрған адам көп. Көбісі бірінші компонентті салдырып жатыр. Екінші компонентке келгендер аз», - деді екінші компонентін салдырған Айнагүл Хабидолла.

Ол сонымен қатар өз еркімен қазақстандық вакцинаны алдырғандардың көп екенін айтты.

«Ешкім жарты сағаттан соң не боларын білмейді. Жарты жылдан кейін, екі жылдан кейін не күтіп тұрғанын да біле алмайды. Бірақ дәрігерлер вакцинаның әсері 2 жылға жетеді деп ескертті. Вакцина алғандығым туралы электронды паспорт берді», - деп жазды ол.

Тағы бір қоғам белсендісі Айдын Қайруллаев отбасымен бірге барып вакцина салдырғанын жазған. Ол вакцина алған әйелдер дүниеге дені сау ұрпақ әкелетінін жазды.

«Белгілі репродуктолог-эмбриолог дәрігер Салтанат Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты Ол жүктілікті вакцина салдырған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті. Айтуынша, вакциналау сау баланы дүниеге әкелуге септігін тигізеді», - деді ол.

Екпе салдырғаннан кейін денеден тыс ұрықтандыруға қабылдамайды деген ақпарат жалған.

Салтанат Байқошқарова айтқандай, керісінше мамандар бірінші вакциналаудан өтіп, жүктілікті содан кейін жоспарлауды қолдайды. Жүктілік кезінде вирустық аурулармен ауыру ананың және іштегі баланың денсаулығы мен өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ал вакцина салдырғаннан кейін пайда болған иммунитет бұл қауіпті едәуір төмендететінін айтты Байқошқарова.

«Жүктілікті вакцина қабылдаған соң бір айдан кейін жоспарлауға болады екен. Вакциналау бедеулікке әкеп соқтырады деген де жалған ақпарат. Вакциналау ер адамның да, әйел адамның да бедеулігіне алып келмейді. Керісінше жүктіліктің алдында егілген вакцина оның қиындықсыз өтуіне септігін тигізед», - деп түйіндеді ол.

 Қазіргі таңда қазақстандықтар өз еркімен екі түрлі вакцинаны салдырып жатыр. Ол: ресейлік «Спутник V» және қазақстандық «QazVak» вакциналары.

QazVac вакцинасының белгiлi бiр технологиялық платформасы бар. Бұл классикалық технологиялық процедура, оның көмегiмен коронавирустық инфекция қоздырғышының биологиялық массасы алынады. QazCovid-In немесе QazVac вакцинасы хромотографиялық айрықша әдiстер арқылы күрделi бағалау жүргiзiледi. Кейiннен дозалар пысықталып, дайын вакцинаны өндiрудiң бiрқатар рәсiмдерi жүргiзiледi.

«Спутник V» - бұл қазақстандық фармацевтикалық кешенде өндiрiлетiн қазақстандық препарат. Бұл GMP талаптарына сәйкес келетiн заманауи зауыт, яғни «өндiрiстiң тиiстi тәжiрибесi» бар дегендi бiлдiредi. Бұл вакцинаның технологиялық платформасы ұзақ уақыт бойы сыналды. Ол адамның аденовирусы емес, патогендi штамм қолданылатын биотехнологиялық әдiстердiң көмегiмен алынды. Бiрақ ол S ақуызын өндiрудi кодтайтын ген енгiзiлген тасымалдаушы болып саналады, оған қарсы қорғаныс қасиеттерi бар антиденелер шығарылады

Қазақстанда вакцинациялау 1 ақпанда басталған болатын. 1 сәуірден бастап вакцина алуға рұқсат етілгендер қатары көбейді. Олардың ішінде 65 жастан асқан кісілер мен созылмалы ауруы бар науқастар бар.

 Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакцинациялау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.   ДДСҰ жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Вакцина алу үшін учаскелік дәрігерге хабарласып немесе Egov порталы арқылы кезекке жазылуға болады.


Барлық жаңалықтар