• Главная
  • В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста
30 октября, 2019 14:33

В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста

Қазіргі таңда Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста

"Біз Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторлары абоненттерінің деректер базасының статистикасын жасадық. Жалпы, елде 42 миллион сим-карта сатылған әрі қолданыста. Ал елде 18 миллион тұрғын бар екенін ескерсек, бұл көп болуы мүмкін. Бірақ сим-карта сатып алуға ешқандай шектеу жоқ. Бір адам бірнеше сим-картаның иесі бола алады. Статистикаға сүйенсек, орташа есеппен әрбір адамда 2 не 3 SIM карта бар. Ал шын мәнісінде, кей азаматтар 2-3 нөмірді тіркесе, ал кейбір азаматтардан 30-40 мың нөмір анықталып отыр. Көп жағдайда, тұрғындар өздерінің атына осына көп нөмір тіркелгенінен бейхабар", - деді Виталий Ярошенко.

Комитет төрағасының айтуынша, бұдан былай, қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін білуге мүмкіндігі бар. 

"Негізі үш әдіс арқылы тексеріге болады. Оның бірі - телефонның тіркелгені немесе тіркелмегені, және ЖСН мен телефон арасында байланыстың бар-жоғын анықтау. Сондай-ақ, ЖСН-ға қанша компания тіркелгенін білуге ​​болады. Бұл қызмет түрі қазіргі таңда қазақстандықтар арасында, олар қазір өз нөмірлерін белсенді тексере бастады", - деді ол.

Сондай-ақ, мекеме басшысының айтуы бойынша, тұрғындар да сим-картаны сатып аларда оның кімнің атына тіркелгендігіне мән бермейді. Нөмірді өз атыңызға тіркеу арқылы болашақта болуы мүмкін жағдайлардың алдын алады.

"Тұрғындар  телефон нөмірін кеңседен сатып алмайды. Мәселен, Технодом секілді сауда орындарында телефон сатып алсаңыз көп жағдайда нөмірді сыйлыққа береді. Ал тұтынушылар ол нөмірлердің кімнің атында екенін тексермейді. Нөмірдің азаматтардың өз атына тіркемеуі болашақта заң бұзушылықтарға алып келуі мүмкін. Мәселен, ол нөмір пайдалану арқылы қандай да бір қылмыс жасалса, ал нөмір сіздің атыңыз болса, бұл мәселе туғызуы мүмкін", - деді комитет басшысы. 

Болашақта мұндай заңсыздықтардың алдын алу үшін азаматтар өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруі тиіс. Себебі, комитет басшысының айтуынша, нөмірді пайдаланған азаматтарға сим-картаның жауапкершілігі жүктеледі. 

Назерке Сүйіндік