• Басты
  • В.Беккер: Құтқару қызметіне хабарласатындар саны артты
1 Маусым, 2020 18:24

В.Беккер: Құтқару қызметіне хабарласатындар саны артты

Құтқару қызметіне хабарласатын адамдар саны артты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс орталығында суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен балалардың терезеден құлауына жол бермеу мәселелері жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор Владимир Беккер айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

В.Беккер: Құтқару қызметіне хабарласатындар саны артты

Оның сөзіне сүйенсек, жаз мезгілінде құтқарушылардың жұмысы қиындап, бір тәулікте құтқару қызметіне хабарласатын адамдар саны күрт көбейеді. 

"Мысалы, биыл мамыр айының 22-31 күндері құтқаруға қызметіне түскен қоңыраулар саны бұрынғыдан 3 есеге көбейген. Жексенбі, 31 мамырдың өзінде  Қазақстан бойынша құтқарушылар 643 рет құтқаруға шықты. Құтқарушылар көбіне өрт сөндіріп, жол апатына түскен адамдарды құтқарды және жоғалған азаматтарды іздеуге атсалысты. Төтенше жағдайлар комитеті суға батып, қаза болған адамдардың көбейгеніне, сондай-ақ балалардың терезеден  көп құлап жатқанына қатты алаңдайды", - деді комитет төрағасы.


Оның айтуынша, егер жыл сайын елімізде суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталса, биыл өңірлерде карантиндік режимді есепке ала отырып, суға шомылу маусымы сәл кешігіңкіреп басталмақ.

"Мамыр айында ауа температурасының күрт өзгеруіне  байланысты күн ыстық  болды, су айдындарындағы су әлі қызған жоқ, әрі суға шомылу үшін қолайсыз. Су температурасы 15-18 °С болғанда 3 минуттан артық тұруға болады. Салқын суға денесі шыныққан адамдарға кіруге болмайды. Су жылынған кезде судың температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі, ондай суда он минуттан артық шомылмау қажет. Егер су температурасы 24 градусқа тең болса, жарты сағат суға шомылуға болады", - деді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасы суға ұзақ шомылу денсаулық үшін қауіпті екенін, әрі суға түсу ұзақтығы, негізінен, ауаның, судың температурасына және желдің күшіне байланысты екенін атап өтті. 

"Ең қолайлы суға шомылу режимі - су температурасы + 180, шомылу уақыты 6-8 минут, су температурасы + 200, шомылу уақыты 10-12 минут, су температурасы +200-ден жоғары, суға түсу уақыты 15 минутқа дейін. Сонымен қатар суда адамдардың қаза болуына себеп болатын факторлардың бірі адамның денсаулық жағдайы болып табылады, ол кезде тез сіңір тарту, есінен айрылу, бас айналу және т. б. туындауы мүмкін", - деді Владимир Беккер.



Комитет төрағасының сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 62 адам суға кетіп, қайтыс болған. 

"Оның ішінде 24 адам балық аулау ережелерін сақтамау, 13-і (оның ішінде 6 бала) өз күшін бағаламау, қатты ағыс, аяқ-қол сіңірінің тартылуы, 10 бала суға құлау салдарынан (балаларды қараусыз қалдыру), 9 адам мас күйінде суға шомылу кезінде, 6 бала мұз астына түсіп кетті. Суға шомылу маусымы әлі басталмағанына қарамастан, бүгінгі күні суға шомылу кезінде өз күштерін бағаламау және балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру салдарынан 28 адам суға кетті, оның ішінде 12", - деді ол.


Сондай-ақ ол 1 маусымдағы жағдай бойынша карантинге байланысты жағажайлар жұмыс істемейтінін атап өтті.

"Бүгінде ел бойынша (1 маусымға) 592 ресми суға шомылу және демалу орны анықталды (111 коммуналдық және 481 жеке жағажай). Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жағажайлар карантинге байланысты жұмыс істемейді. Шомылу үшін тыйым салынған 2 мыңнан астам орын анықталды, онда 2 485-тен астам ескерту белгісі және алты жүзден (617) астам көрнекі стенд орнатылды, онда адамдардың қаза болуының себептері мен жағдайлары көрсетілген", - деді Владимир Беекер.


Бұдан бөлек оның сөзіне сүйенсек, еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізген. 

"Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезеңінде қызмет атқарудың күшейтілген түріне кқөшті. 300-ден астам жүзу құралы мен судағы 1000-ға жуық құтқару құралы дайындалды. Еліміздің су айдындарын қамтуды арттыру және азаматтардың суда, су айдындарының қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін жедел-құтқару жасақтары 53 мобильді құтқару бекетінің кезекшілігін ұйымдастырды. Кесте жасалып, жүзу құралдарында күніне 3 реттен кем емес кезеңділікпен тұрақты негізде патрульдеу жүргізілетін болады. Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық жасақшылар (108 құтқарушы) қатысатын 50 объектілік құтқару бекетін құру жоспарлануда", - деді ол. 

Сонымен қоса комитет төрағасы су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту үшін су айдындарында және табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында рейдтер жүргізу жұмыстары басталғанын айтып өтті. 

"Демалыс басталысымен ата-аналар балалардың су айдындарына, суаратын арықтарға және каналдарға жақын жерде жүруіне жауапты екеніне ерекше назар аударғым келеді. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға қарай жүзіп өту өте қауіпті. Тамақ ішкеннен кейін бір сағат-бір жарым сағаттан  кейін шомылу керек", - деді В.Беккер.


Сондай-ақ комитет төрағасы төтенше жағдайлар комитетін балалардың терезеден құлау оқиғалары алаңдататынын атап өтті.

"Ашық терезелерде баланың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Балалар ашық терезелерге қарай ұмтылады, өйткені олар қаншалықты қауіпті екенін біле бермейді. Құтқарушылар жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан мұндай жағдайлардың саны өсуде. Ағымдағы жылғы 5 айда көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 35 бала құлап кетті. Оқиға Нұр-Сұлтан (8), Қарағанды (7), Жамбыл (3), Павлодар (2), Батыс Қазақстан (2), Атырау (2), Қызылорда (2), Қостанай (2), Ақмола (2), Алматы (2), Шығыс Қазақстан (1), Ақтөбе (1), Маңғыстау (1), облыстарында орын алды", - деді ол.



Бұған қоса Владимир Беккер ағымдағы жылғы мамыр айында республикада 1-6 жас аралығындағы балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен құлаған  21 оқиға тіркелгенін атап өтті.

"Оқиға Нұр-Сұлтан (5), Қарағанды (4), Атырау (2), Қызылорда (2), Қостанай (2), Ақмола (2), Жамбыл (1), Маңғыстау (1), Шығыс Қазақстан (1), Батыс Қазақстан (1), облыстарында орын алды. 2019 жылы 2-ден 13 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлаған 100-ден астам оқиға орын алды. Мәселен, 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үй ересектердің қарауынсыз қалған соң, абайсызда 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, жарақат алған 2019 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды (жағдайы орташа дәрежеде). Балалар үйінде болғанда, бірінші кезекте олардың ата-аналары қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс", - деп түйіндеді комитет төрағасы.  
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды