• Басты
  • В.Беккер: Өрттің төрттен бірі тұрғын үй секторына тиесілі
31 Қазан, 2019 17:54

В.Беккер: Өрттің төрттен бірі тұрғын үй секторына тиесілі

Өрттің төрттен бірі тұрғын үй секторына тиесілі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер "Тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу" тақырыбымен өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

В.Беккер: Өрттің төрттен бірі тұрғын үй секторына тиесілі

"Өрттің төрттен бірі тұрғын үй секторына тиесілі. Біз арнайы статистикасын жасадық, әсіресе, тұрғын үй секторында қыстыңгүні өрт көптеп орын алады. Осымен байланысты, тұрғындарды біздің қызметкерлерге үйлеріне тексеріс жүргізуге рұқсат беруін сұраймыз. Себебі, өрттің салдарынан материалдық шығынға батамыз, үйлер тұруға жарамай қалады, адамдарды үймен қамтамасыз ету үшін де қаржы керек. Ал ең жаманы адамдар қайтыс болып жатады. Алдын алу үшін департамент қызметкерлерін үйлеріне кіргізіп, қандай да бір ақаудың бар-жоғын анықтау сұралады", - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ Владимир Беккердің айтуынша, өткен жылдардағы тұрғын секторларындағы өрттердің себептерін анықтап, Төтенше жағдайлар комитеті өрттің алдын алу жұмыстарының тәсілдерін қайта қараған. 

"2018-2019 жылдары жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында 4382 өрт шығып, салдарынан 192 адам көз жұмды. 94 азамат әр түрлі деңгейдегі уланудан қайтыс болды. Сол себепті өткен жылдардағы тұрғын секторларындағы өрттердің себептерін анықтадық. Соларды ескере отырып, биылғы жылу беру кезеңі қарсаңында Төтенше жағдайлар комитеті алдын алу жұмыстарының тәсілдерін қайта қарап, тиісті іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар бойынша, биыл алдын алу шаралары бір ай бұрын. Сондай-ақ халықтың осал топтарына, атап айтқанда, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға басымдық беріліп, жаппай аулаларды тексеруден бас тарттық", - деді комитет басшысы.

Сонымен бірге комитет басшысының айтуы бойынша, өткен жылдары жергілікті жерлерде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуге тек қана азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлері қатысқан. Ал биыл үкіметтің тапсырмасы бойнша, жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде әлеуметтік қорғау және білім беру құрылымдық бөлімшелері қосылған.

Бұдан бөлек, ол  өрттің алдын алу мақсатында тексеріс кезінде жөндеу жұмыстарын жасау ескертілген мыңдаған үйді департамент қызметкерлері қайта аралап, тексеріп шыққандығын атап өтті. 
 
"Жөндеу жұмыстарының жасалып не жасалмағанын бақылау үшін 45 мың үйде қайта аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, тек 8 мың үйдің тұрғындары немесе 18 пайызы, соның ішінде 6 мыңы өздігінен, 2 мыңы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті атқарушы органдардың көмегімен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдаған", - деді ол. 

Сонымен бірге оның айтуынша, алдын алу жұмыстарымен ауылдық елдімекендер мен қалалардың аудандары да қамтылыпты. Мұндай аралау жұмыстары 395 мың үйде жүргізіліп, нәтижесінде 766 мың азаматқа нұсқау берілген. Сондай-ақ 138 мың келеңсіздік орын алып, оның 59 мыңы сол сәтте жөнделіп, іске қосылған.

Сөз соңында комитет төрағасы Владимир Беккер тұрғындарды шама келгенше абай болуға шақырды. Сондай-ақ азаматтардың департамент қызметкерлеріне үйге кіріп, тексеріс жүргізулеріне кедергі жасамауын сұрады.

Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды