• Басты
  • UNWTO: Туризм - қалаларды дамытудың негізгі құралы
10 Қазан, 2019 10:19

UNWTO: Туризм - қалаларды дамытудың негізгі құралы


«Ақылды қалалар және ақылды бағыттар» бойынша UNWTO-ның туристік жаһандық саммитінде қандай мәселелер талқыланатынын шара алдындағы баспасөз конференциясында ұйымдастырушылық  өкілдер айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
UNWTO: Туризм - қалаларды дамытудың негізгі құралы | Strategy2050.kz

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан  Бекмұрзаев шараның елорда мен оның даму жолындағы маңызы зор екенін атап өтті.

«Бұл шараға біз біраз уақыт дайындалдық, саммиттің елорда мен оның дамуы жолында маңызы зор. Бүгінгі саммитке 80 елден 1400-ден астам адам қатысып жатыр. Қаланы дамытудағы туризмнің алатын орны ерекше. Оның үстіне Нұр-Сұлтан қаласына ақылды қала жүйесіне енгізілуде. Самитте ақылды қала мен қатар ірі қалалардың проблемасы сөз болады. Сондай-ақ, қала туризмі мен инфрақұрылым ілгерілету бойынша бірқатар кездесулер мен келісімдер жасау күтілуде», - деді қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев саммиттің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында. 

ерлан.jpg

Саммитте ақылды қалалар жиі тап болатын әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылау жоспарлануда. 

«Қала алдында ірі  жаһандық мәселелер тұр. Қаланы дамытудың стратегиясын да әзірлеп жатырмыз. Сондай-ақ,аталған шараны өткізуді ірі әлемдік қалалардан алғанымызға өте қуаныштымыз», - деді ол.

UNWTO туристік  нарықтарының зерттеушісі Сандра Карбао қалаларды дамыту өте маңызды екенін атап өтті.

«Біз қалаларға әлемнің қалай дамуы қажеттігі арқылы қараймыз. Осы орайда қалаларды дамыту өте маңызды. Үкіметаралық UNWTO ведомстволық  БҰҰ жүйесіне енеді. Әртүрлі елдердің туризм министрліктерімен жұмыс істейміз. Қазір қалалармен  де тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Себебі, туризм  қалаларды дамытудың негізгі құралы екеніне көз жеткізгіміз келеді. Осы сала қалаларға табыс әкелуі мүмкін. Нұр-Сұлтанға жиналған қалалар да өте көп, тәжірибе алмасу арқылы жаңа идеялар мен бастамалар алатын боламыз деген ойдамын», - деді С.Карбао.

сандра.jpg

Сонымен қатар, ол атап өткендей, қалаларды дамыту үшін алдымен инновациялармен жұмыс істеу қажет.

«Екіншіден, технология бар. Бұл жерде тек технология туралы ғана айту аз. Бұл жерде біз инновациялар мен технологиялыққа қолжетімділік, тұрақтылық  туралы айтамыз. 5 негізгі бағытты біз екі күн  бойы саммитте талқылайтын боламыз. Оның қорытындысы бойынша декларация қабылдайтын боламыз. Бұл декларацияның нәтижесінде қатысқан қалалар ақылды бағыттарды дамытатынына сенімдімін», - деді ол.

Astana Convention Bureau  директорының орынбасары Хелена Махуас жаһандық саммиттің Нұр-Сұлтанда өтуі үлкен мәртебе  екенін атап өтті.

хелена.jpg

«Көптеген қалалар бірқатар проблемаларға душар болып жатқанын көреміз. Мәселен, Нұр-Сұлтанда осы сынды шаралар өткізу қолайлы. Бұл туристерді де тартуға тиімді мүмкіндік. Технологиялар мен инновациялардың қолжетімді екенін де көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде еніп жатқан «ақылды қала» тақырыбына арналады. Оның ішінде ақылды қала арқылы экологиялық инфрақұрылым құру, қылмыс деңгейін азайту, тұрғындар мен қалаға келетін туристердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Одан бөлек, саммит аясында UNWTO академиясы мен халықаралық конгресстер және конференциялар (ICCA) қауымдастығы ұйымдастыратын қала туризмі индустриясы бойынша шеберлік сағаттары өтеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған халықаралық туризм шарасына 700-ден астам делегат қатысуда.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Арман Мұхатов

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды