• Басты
  • ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері

ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері

2 Наурыз, 2021 16:25

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбында баспасөз конфренциясы өтті. Шарада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қар көп түскен қауіпті аймақтар, құтқару шараларының «жол картасы» мәселелері, мен төтенше жағдайдың алдын алу және құтқару шаралары жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жиында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орталық және жергілікті атқарушы органдарға  тиісті тапсырмалар бергендігін атап өтті. Министрдің айтуынша, елдімекендерде қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр, сондай-ақ бүгінгі күні әкімдіктер елді мекендерден 14,7 млн. текше метр қар шығарған.

Қар көп түскен қауіпті аймақтар

"Қазгеродметтің" болжамына сүйенсек биыл Шағалалы өзені бассейнінде қар қорының көлемі нормадан 54% - ға артық. Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің бассейнінде 50% - ға, Елек өзенінің бассейнінде 39% - ға көп. Ертістің сол жағалауындағы тау өзендерінің бассейндеріндегі қар қоры орташа көп жылдық мәндерден 13%-ға артық.

«Шығыс Қазақстан облысы тау өзендерінің бассейндерінде 14-16% - ға аз. Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында орташа көп жылдық мәндерден 32-88% - ға аз. Алматы облысының тауларында орташа көп жылдық мәндерден 24-41% - ға аз»,- деді министр.

Топырақтың қату тереңдігі кейбір аймақтарда былтырғы көрсеткіштен артық. Бұл аймақтар қатарында Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстары бар. Оларда орта есеппен алғанда 9-71 см артық.

Министрдің пайымдауынша, ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-84% құрайды.

Құтқару шараларының «жол картасы»

Бүкіл ел бойынша 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа «жол картасы» бекітілді. Министрдің айтуынша, аталған жол картасын жүзеге асыруға 160 миллиард теңге бөліну жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, республикалық бюджеттен 131,6 млрд теңге және жергілікті бюджеттерден 28,6 млрд қаржы бөлінеді.

Министрдің айтуынша, барлық өңірде мынадай шаралар қоға алынды:

- ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссия отырыстары өткізілді

- 3,3 мың тонна жанар-жағар май және 228,4 мың тонна инертті материалдар мен 912 мың дана қаптар қоры жасақталды

- шұғыл шығындардың төтенше резервтері алдын-ала қарастырылды

- 40 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құралымдары, шамамен 13 мың құрал-жабдық, 700-ден астам жүзу және 2 мыңға жуық су соратын қондырғылар нақтыланды

- 148 км қорғаныс бөгеттерін салу және 1 2,2 мың км су бұру арналарын орнату, 371,6 км жағалауды нығайту, түбін тереңдету, су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету жұмыстары жүргізілді

- су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы 21 шарт жасалды

- бүгінгі күні 15 миллион текше метрге жуық қар шығарылды

- 12 795 арна мен арықты және авто және темір жол көпірлері астындағы су өткізу құрылыстары жүргізілді

Министрдің сөзінше, су тасқыны кезеңіне толық дайындық туралы айтуға әлі ерте.

Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

4-5 наурызда Павлодар қаласында "Көктем-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып жатыр. Оның нәтижелері бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексеріледі.

Министрдің сөзінше, күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқұтқару» АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техниканы құрайды. Халықты құлақтандыру мәселелері де қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде үш мың адамға арналған шатырлы қалашықтар дайындалды. Күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін әуе кемелері тұрақты әзірлікте болады»,- деді министр.

Сондай-ақ, министр жағдай нашарлаған жағдайда резервтік топтың күші мен құралдарын көшіруге дайын екенін атап өтті. Олар: 651 адам, 76 бірлік техника, 26 жүзу құралы және 97 мотопомпа.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жыл сайын жылыту кезеңі тұрғын үй секторында өртті алдын алу іс-шараларынан басталады. Өткен жылдары бұл жұмысқа тек азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлері ғана қатысты. 2019 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарының бастамасы бойынша, халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне бару бірлесіп жүзеге асырылады.

Министрдің айтуынша, казіргі таңда әлеуметтік жағынан осал отбасылардың 118 мыңнан астам тұрғын үйі тіркелген және 400 мыңға жуық адамға нұсқама берілген.

«Автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлердің шамамен 2 миллион айналымы жүргізілді, 9,5 мың тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды, 200 мыңнан астам азаматтар қамтылды»,- деді министр.

Сондай-ақ, әкімдіктермен бірлесіп автономды жылыту жүйесі бар үйлерге датчиктер орнату тәжірибесі жалғастырылды. Бұл ретте, 77,5 мың тұрғын үйдің иелері қызметкерлерді үйіне кіргізбеген. ал 63 мың үйде меншік иелерінің үйі болған жоқ. Министрдің айтуынша, 445 000 үйде 632 мың бұзушылық анықталған, 236 мыңнан астам бұзушылық сол орында қалпына келтірілді.

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы республика бойынша 13 933 өрт тіркелді, бұл 2019 жылға қарағанда 4% – ға аз, Өртте жарақат алғандар саны 7% – ға қысқарды және 8 419 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өртте қаза тапқан адамдардың саны 19% - ға, яғни 326-дан 389 адамға дейін өскен.

Министрдің айтуынша, газбаллонды қондырғылардың 32 жарылысы тіркеліп, 11 адам қаза тапқан. Ал табиғи газды өрттен 22 адам қайтыс болған. Сондай-ақ, биыл Түркістан облысында көміртегі тотығымен уланудан 1 қайғылы жағдай тіркелген.

Оның сөзінше, өткен жылдың қараша айында үкімет әкімдіктерге тұрғын үй (газ-техникалық) инспекцияларын құруды тапсырды. Бүгінгі күні барлық дерлік аймақтар оларды құру бойынша ұйымдастырушылық шараларды аяқтады. Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жай-күйін бақылау жоспарланаған, жүйелі түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде газбен жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерде де жүргізілуде. Сондай-ақ, тұрғын үйді тексеру және ұсыныстар беру тек тұрғын үй иелерінің келісімімен жүзеге асырылатынын айта кетті.

Қысқы төтенше жағдайларды жою

Министрдің айтуынша, қысқы кезең басталғаннан бері бүкіл ел бойынша 1063 боран туралы ескерту жарияланды, жол учаскелері 682 рет жабылды. Жүк және жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеулер 233 рет қойылды. Сондай-ақ, тұрғындарды төтенше жағдайлар қаупі туралы ескерту мақсатында «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тұрғындардың ұялы телефондарына ауа-райының нашарлауы туралы 3 708 SMS хабарлама жіберілген.

Соның ішінде 1242 адам құтқарылып эвакуацияланды, оның 74-і балалар. Оған 97 жылу пункттері тартылған. 439 техника құтқарылған.

Төтенше жағдайлар министрінің сөзінше, авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтерінің 5 027 адамы мен 1 396 техникасы жұмылдырылған.

«Биыл 2 наурыздағы жағдай бойынша "Қазгидромет" деректеріне сүйенсек, 9 өңірде дауылды ескерту жарияланған. Олар - Шымкент қаласы, Ақмола, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары», - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына 3 өңірде республикалық автожолдардың 7 учаскесі жабылды. Олардың қатарында Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар