- Басты
- Жаңалықтар
- ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин атқарылып жатқан жұмыстар есебін берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министр 2020-2021 жылдардағы қысқы, жылыту, су тасқыны, өрт қауіпті және суға шомылу кезеңдерінде жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары туралы айтып берді.
«Мәселен, 2020 жылы ТЖ саны 7%-ға қысқарып, шамамен 14 мың адам құтқарылды. ТЖ бөлімшелері 71 мыңнан астам шақыртуға барған, ТЖ аймағынан 19 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Төрт мың зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деді Юрий Ильин.
Төтенше жағдайлар министрінің есебінше, осы жылы 5 мыңнан астам адам құтқарылған. Төтенше жағдайлар бөлімшелері 21 мыңға жуық шақыртуға барды. Төтенша жағдай орын алған аймақтан 6 мыңнан астам адам эвакуацияланған, оның ішінде 1 мыңнан астам зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді..
ТЖМ басшысы өрт қауіпті және суға түсу кезеңдерінің қауіпсіз өтуіне ерекше назар аударды. Министр хабарлағандай, жыл басынан бері өрт қауіпті кезеңде 96 орман өрті (2020ж. – 146) және 682 (2020ж. - 886) дала алқаптарының жануы тіркелді.
«Мамыр айынан бастап еліміздің су айдындарында екі мыңға жуық патрульдеу мен рейд жүргізілді. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 70-тен астам жауапкершілікке тартылды», - деді ол.
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өнеркәсіптегі техногендік апаттардың алдын алу министрліктің маңызды бағытының бірі болып табылады. Өткен жылы қауіпті өндірістік нысандарда 28 апат және 308 оқыс оқиға тіркелген. Бұл ретте 28 адам қаза тауып, жарақат алды.
Министр халықты хабардар ету мәселелерін де тілге тиек етті. Мәселен, белсенді цифрландыру кезеңінде «Darmen» мобильді қосымшасы әзірленді, ол халықты 5 секунд ішінде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Қазір мобильдік қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны екі жүз мыңнан астам адамды құрайды, тек 2020 жылы 90 мыңнан астам адам тіркелген.
Министр Алматы қаласының айналасындағы сейсмологиялық қауіп туралы айтты. Оның сөзінше, Қырғызстан Республкасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегі әріптестерімен осы сұрақтар туралы ынтымақтастық мәселелерін белсенді түрде пысықтап жатыр.
«Жақында ғана Қырғызстанға барған біздің қызметкерлеріміздің жұмыс сапары аяқталды. Олар Алматы маңында орналасқан және әзірге пилоттық режимде жұмыс істейтін сейсмодатчиктер желісін біріктіру туралы келіссөздер жүргізіп қайтты. Қала әкімдігі бұл жүйенің Қырғызстанмен байланыста жұмыс істеуіне мүдделі, өйткені жиі болатын жер сілкіністері Қырғызстан аумағында эпицентрден басталады. Менің ойымша, оны «Darmen» платформасындағы операциялық бөлік ретінде пысықтау және одан әрі шығару үшін шамамен 2 ай қажет болады», - деді ол.
Юрий Ильиннің айтуынша, 6 балдан жоғары жер сілкінісі кезінде «Darmen» жүйесі халыққа ақпарат беретіндей етіп реттеуді қолға алмақшы. Эпицентрге байланысты халықтың жер сілкінісі болған жағдайда шешім қабылдауға және белгілі бір іс-қимыл жасауға белгілі бір уақыты болады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Риддердегі өрт бойынша істің қай кезеңге жеткені жайлы айтып берді. Өрт сөндірушілер үш тәулікке жуық уақыт бойы адам шығарған тілсіз жаумен күресіпті. Министрдің пайымынша, өрттің шығуына адамдардың отты абайсыз қолдану жағдайы себеп болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша - Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өртте бір әйел қаза тапқан. Екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Ал 30-дан астам үй, қосалқы шаруашылықтың түрлі инфрақұрылымының 200-ге жуық бірлігі қирады», - деп есеп берді ол.
Қылмыстық іс, тергеу амалдары күдіктінің кінәсін дәлелдесе, оған жаза ҚР Заңына сәйкес тағайындалады. Бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.
Юрий Ильин шомылу маусымындағы төтенше жағдайлар туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, күннің қатты ысымағанына қарамастан, суға мас күйінде шомылғысы келетіндер бар.
«Шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау тек Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өзекті мәселе. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен суға түсуге болатын орындар айқындалады. Суға түсуге тыйым салынған жерлер де белгіленеді», - деді ол.
Мамандар арнайы тексерулер жүргізгеннен кейін жағажайларды анықтап береді. Ол жерлерде шомылу үшін пайдалануға рұқсат береді. Мамандар акваторияның, жағалау жиегінің жай-күйін бақылайды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер арнайы тексерулер жүргізіп, рұқсат етеді. Мұндай жерлерге қажетті инфрақұрылым ұйымдастырылуы керек. Жүзуге болатын орындар, жүзуге болмайтын жерлерде шектеулер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пост орнатылады. Мұндай ұйымдастыру шараларына жергілікті атқарушы органдар жауапты.
«Неліктен ішкі істер қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткіземіз? Себебі өткен жылы шомылу маусымында қайғылы оқиғалар болды. Тек шомылу маусымында 350 адам қайтыс болды, оның ішінде 70-ке жуығы бала. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін дұрыс емес және жабдықталмаған жерлерде шомылудың салдарға осындай қайғылы оқиғаға әкелетінін білдіреді», - деп айтты ҚР Төтенше жаңдайлар министрі Юрий Ильин.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

