• Басты
  • ТЖҚКБ «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады
13 Мамыр, 2020 12:47

ТЖҚКБ «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында берген тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті. 

ТЖҚКБ  «5-10-20» пилоттық  жобасын іске қосады

Жаңа пилот жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады: 

- несие мөлшерлемесі 5%;

- бастапқы жарна 10%-дан бастап;

- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. 

Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда: 

- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды; 

- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды; 

- басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды. 

Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша келесі баға параметрлері белгіленген: 

240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында; 

220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта; 

200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта; 

180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында; 

160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда. 


«5-10-20» пилот жобасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде әзірленіп жатыр. 

- ҚР президенті Қ.Тоқаев атап өткендей, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ жанұялар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. – Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде ендіріледі. Бір мүше үшін бір КМ-нан (күнкөріс минимумы) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилот жобасына қатыса алады. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды