• Басты
  • ҚТЖ барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
24 Қаңтар, 2020 18:03

ҚТЖ барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

 Қардың қалын жаууы, желдің ұйытқи соғуы, көрудің қиындауы бұл күндері теміржолшылар үшін қиындық туғызып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық құрылымдары қыстың төтенше табиғи жағдайында ерекше режимде жұмыс істеуге көшірілді. 
ҚТЖ  барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Темір жол бөлімшелерінде апаттық бригадалардың тәулікбойғы кезекшілігі ұйымдастырылып, күрделі метеожағдай кезіндегі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар қабылдануда. Тек 22-23 қаңтарда 8 мың шақырымнан астам жол аршылып, 34 мыңнан астам текше метр қар әкетілді. 

 Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей және Ақтөбе темір жол бөлімшелерінде барлық қарданаршу және қартазарту техникалары іске қосылған. 

 Жол монтерлері мен өзге теміржол кәсіпорындары жұмысшыларының келісілген іс-әрекеттерінің арқасында, ауа райының құбылуына қарамай, барлық пойыздар кесте бойынша жүруде, - деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері Дәурен Қабас. 

 Теміржол бөлімшелері мен магистральдық желі, станциялар, локомотивтер мен вагон пайдалану деполарының басшылары тәулікбойы кезекшілікті жүргізуде. Барлық қызметкерлермен қатты аяз бен жел болған кезде еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізілді. 

 Жол бөлімшелері диспетчерлік және кезекшілік аппаратына өтіп бара жатқан пойыз машинистерінің, жол шаруашылығы мен өзге де қызмет қызметкерлерінен стандартты емес жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттары бойынша дер кезінде шаралар қабылдау және үнемі жағдайды бақылауда ұстау тапсырылды. 

  Теміржолшылар азаматтар мен жүргізушілерді темір жолдар мен өтпелерді кесіп өтер кезде жол жүру ережелерін қатан сақтауды, сондай-ақ көру қиындаған, мұздақты және қар басуы жағдайында ұқыпты және мұқият болуға шақырады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды