- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері
Бүгін «Самұрық Қазына» ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов 2021 жылдың 7 айындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметінің қорытындысы туралы баяндады. Оның мәліметінше, өткен айда теміржол желісі бойынша 147 миллион тоннадан астам жүк тиелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4 миллионға артық. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Тасымал қызметінің негізгі көрсеткіштері
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақовтың айтуынша, Қазақстан темір жолы жүктерінің тасымалы толық көлемде қамтамасыз етілуде. Оның дерегінше, өткен айда теміржол желісі бойынша 147 миллион тоннадан астам жүк тиелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4 миллионға артық. Республика ішінде 95,3 миллионнан астам, ал экспортқа 52,1 миллион тонна жүк тасымалданған.
«Өткен жылдың қаңтар шілде айларымен салыстырғанда Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы көлемі 5%-ға артып, 12,7 миллион тоннаны құрады», - деді Оралхан Құлақов.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Қытай тасымалдарын арттырудың алғышарттарының бірі жүктерді контейнерге тиеу екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде бизнес қоғамдастықтардың, «Қазақстан темір жол» сонымен қатар басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен жүктерді контейнерлеу жол картасы әзірленіп жатырғанын жеткізді.
«Контейнерлеу мәселесіне кеңінен тоқталғым келеді. Бүгінде осындай фундаменталды тәсіл маңызды. Тасымалдаушылардың бәрін қазір пандемияға байланысты Қытай бағытына жүк жөнелту бойынша мәселе бар», - деді ол.
Оның сөзінше, ҚТЖ бұл бағытта тасымалдауды тоқтатуды емес, контейнерлік тасымалдау үшін дәстүрлі әмбебап арнайы вагондарды қалдыруды ұсынған.
«Бұл нарыққа қажеттілік өте жоғары. Бүгінде бұл мәселе пысықталуда, үкімет деңгейінде көтерілді. Үкімет басшысы бізді осы мәселе бойынша жеке тыңдады, бүгін «Open off» контейнерлерін шығару жол картасы әзірленуде», - деді Оралхан Құлақов.Сонымен қатар, әмбебап жылжымалы құрамды дәстүрлі тасымалдауға, жабық жылжымалы құрамнан мамандандырылған жылжымалы астық тасығыштан контейнерлік тасымалдарға көшу, мультимодальдық тасымалдарға ауыстыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, осылайша барлық инфрақұрылымдық шектеулер алынып тасталады.
7 айда 59 млн тонна көмір тасымалданған
Оның мәлімдеуінше, ел ішінде коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халық үшін 41,7 млн тоннадан астам көмір тасымалданған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25% - ға жоғары, экспортқа 18 млн тонна жөнелтілген.
«Жылжымалы құрамның жеткілікті паркі бар. Қазақстан аумағында 63 мыңнан астам жартылай вагондар бар, 55%-ы көмір тасымалдаумен айналысады. Бұл - «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі көліктер», - деді Оралхан Құлақов.
Астық тиеу көрсеткіші 11% - ға өскен
Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша қазақстандық темір жолдар желісі бойынша 5,2 млн. тонна астық тиелген. Оралхан Құлақовтың сөзінше, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 11% - ға жоғары екенін атап өтті. Оның ішінде республикаішілік қатынаста 1,3 млн.тонна тасымалданған болса, экспортқа – 3,9 миллион тонна жеткізілген.
«Соңғы үш жылда қазақстандық астық тасығыштар паркі 7% - ға ұлғайды және 9,3 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде 6,2 мыңнан астамы "Астық Транс" АҚ басқаруында, қалғандары – жеке меншік қазақстандық меншік иелері», - деді «ҚТЖ» өкілі.
Оның мәліметінше, жабық вагондардың отандық паркі 13 мыңнан астам бірлікті құрайды екен.Оның 5 мыңға жуығы – жеке меншікке тиесілі.
«Астық тиеу 5,2 млн тоннаны құрады, бұл 0,5 млн тоннаға немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 11% - ға артық. Ел ішінде-1,3 млн тонна, 2020 жылғы деңгейге қарағанда төмендеді, ал экспортқа 3,9 млн тонна жөнелтілді, бұл өткен жылға қарағанда 17% - ды құрайды», - деді Оралхан Құлақов.
Тамыз айының соңына дейін шөп тасымалдау жеңілдігі ұзарды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы оңтүстік өңірлерден батыстағы құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге шөп жөнелтушілерге ұсынған жеңілдікті 31 тамызға дейін ұзартқан.
Оралхан Құлақовтың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарына шөп тасымалдауға шұғыл қажеттілік туындағанда қол жеткізген. Шілде айының қорытындысы бойынша жүк жөнелтушінің өтінімдеріне сәйкес, батыс өңір станциясындағы престелген пішен жүгінің 167 вагоны тиеліп және жөнелтілген.
Оның дерегінше, мәлімделген жоспар 208 вагонды құраған. Жоспар 80 %-ға орындалған. Сонымен қатар, дәл бүгін "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы осы шарттарды 31 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.
«Біз үлкен жеңілдіктер жасадық, шығындарды өз мойнымызға алдық және осы тасымалды жүргіздік. Өтініштер жалғасуда. Біз шілде айында қолданған жеңілдіктер бойынша 77 %-дық жеңілдікпен Қазақстан ішінде престелген шөп таситын боламыз», - деді Оралхан Құлақов.
Сонымен, "ҚТЖ "ҰК "АҚ шөп тасымалдау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды. Жөнелту "Шынгар Транс" ЖШС, "Проммашкз" ЖШС, "Integra Construction KZ" ЖШС, "Бастау Транс" ЖШС, "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты"ЖШС серіктестерінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады екен.
Мұнай өнімдерін тиеу 8% - ға артқан
Басқарма төрағасының орынбасарының мәліметінше, 2021 жылдың 7 айында тас жолға 10 миллион тонна мұнай жүктемесі тиелен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% -ға көп.
«Оның ішінде Қазақстан халқына 7 миллион тонна жеткізілді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 13% болды», - деді ол.
Оның айтуынша, мұнай зауыттарынан мұнай жүктерін тасымалдауды жеке тасымалдаушылар жүзеге асырады. Бүгінгі таңда танктердің болуы мәлімделген көлемдердің сұранысынан асып түседі.
Сусымалы жүк тасымалдайтын контейнерлер құрастырылуы мүмкін
Баспасөз мәжілісінде Оралхан Құлақов идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сусымалы жүк тасымалына Қазақстан өндірген контейнерлерді пайдалану туралы талап қойып отырғанын айтып өтті.
Оның айтуынша, бұл экспорттаушылар үшін ең өзекті мәселе болып саналады. Сусымалы жүктің бір бөлігі қазір «Алтынкөл» арқылы өтуде. Бұған дейін бүкіл тасымалдың тек 1 %-ы ғана контейнерге тиеліп келген болса, енді оның үлесін мейлінше арттыру керектігін жеткізді.
«Біздің экспортымыздың, Ресейдің транзит арқылы өтетін экспортының кептелісін осы станса көмегімен сейілту қолға алынды. Бұл стансада Қытай біздің экспортты қабылдау қарқынын екі есе арттырды. Оны бүгіннен бастау керек. Өйткені бізде Қытай бағытына кететін жүктің 80 %-ы - сусымалы жүк. Дәл осы сусымалы жүкті мультимодельді тасымалға көшіруіміз керек. Сол арқылы біз жүкті толық көлемде өткізе аламыз», - деді Оралхан Құлақов.
Ол екіжақты келіссөз арқылы қабылданып жатқан шаралардың бәрі шекарадағы кептелісті уақытша сейілткенімен, проблеманы түбегейлі шеше алмауы мүмкін екен екенгідін айтып өтті. Сондай-ақ, 1 мамырдағы жағдай бойынша Қытай бағытында 12 480 вагон тұрған болса, маусым мен шілде айларында 10 күндік жаппай жүк түсіру конвенциясын ұйымдастырған. Соның көмегімен қоймалар мен вагонда тұрған жүк көлемін азайған.
«Бүгінде әмбебап деп жүрген жартылай ашық вагондар қаңтарылып тұр. Бірақ тапсырыс мерзімі бұзылғанын айтып шағымданушылар өте көп. Сондықтан контейнермен жүк тасымалдауға бәрібір көшуіміз керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ол контейнерлер Қазақстанда жасалуы керек деген талап қойып отыр. Контейнердегі тасымалға қаншалықты тез көше алсақ, мәселе да соншалықты жылдам шешіледі», - деді Оралхан Құлақов.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы

