- Басты
- «Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды
«Қазақпарат» ХАА» АҚ «Tynda» мобильді қосымшасын іске қосты. Онда қазақ және әлем әдебиетінің жауһарлары, заманауи әдеби-танымдық туындылар қазақ тілінде ұсынылады.

Мобильдік қосымшаны дәл қазір (Android, iOS нұсқалары үшін) Play Market және App Store желісінен жүктеп алып, электронды және аудиокітаптарды онлайн-офлайн нұсқада оқып, тыңдауға болады.
«Tynda» мобильді қосымшасы «Классикалық проза», «Классикалық поэзия», «Дала дауысы», «Абай әлемі», «Әлемдік классика» атты таңдаулы топтамалар мен «Роман», «Хикаят», «Әңгіме», «Эссе», «Балалар әдебиеті», «Сатира», «Поэма», «Өлең», «Пьеса» т.б. жанрлардан тұрады. Сондай-ақ, ұнаған кітаптарды «Менің кітаптарым» бөліміне сақтап, «Менің сөрелерім» бөлімінде жеке кітапханаңызды жасақтауға мүмкіндік бар. Ал «Оқылым статистикасы» бөлімінде апта, ай немесе жыл бойы оқылған кітаптың беттер саны, оқу жылдамдығы мен оқу уақытының статистикасы көрсетіледі, «Айдың жаңа кітаптары», «Сізге ұнауы мүмкін», «Көп ізделген» сияқты айдарлардан оқырман мен тыңдаушы жаңа әрі сұраныстағы кітаптарды таба алады.
Атаулы жоба төл әдебиетімізді насихаттауды бір ғана тетікпен жүзеге асыруды, жаңа шығарманы, кітапты жылдам әрі оңтайлы жолмен таратуды, кітапқұмар оқырманның уақытын үнемдеуді көздейді.
-
«Ashyq» қосымшасы қалай жұмыс істейді
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
-
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі
-
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
-
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар
-
Covid-19: «Спутник V» әсері, желідегі ақпараттар, вирус тасымалдаушыны анықтайтын мобильді қосымша
-
«102» мобильді қосымшасы іске қосылды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң
-
«Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай іс-шаралар іске асуда

