- Басты
- Цифрлық форматтағы өндірістік қауіпсіздік қалай сақталады
Цифрлық форматтағы өндірістік қауіпсіздік қалай сақталады

Оның басымдығы жеке қорғаныш құралдары мен қауіпсіздік техника нормаларын елемеумен байланысты жарақат алу салдарын жоюмен емес, ал алдын алу болып табылады.
«Өндірістік қауіпсіздік» автоматтандырылған жүйесі – бұл қауіпсіз емес жұмыстың кез келген белгілеріне жылдам жауап беретін және негіздейтін, ұтқырлығын қамтамасыз ететін цифрлық мобилдік платформа.
«Әрбір қызметкер қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогын жүргізу үшін мобилдік қосымшаны пайдалануға міндетті. Модуль әрбір жұмыскерге мобилдік қосымшада кез келген оқиғаны, соның ішінде салдарсыз оқиғаны (Near Miss), қауіпті іс-әрекет пен жағдайды немесе қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға құқықтылықты тіркеуге мүмкіндік береді. Одан әрі ол тіркелген оқиғаны автоматтандырылған жүйеге енгізуі тиіс. Оқиға ары қарай қаралады және де болашақта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін шаралар қабылданады», деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – бас инженері Батыр Котырев.
Осылайша «Ішкі бақылау» процесін цифрландыру жаңа деңгейге шықты. Жобаның артықшылығы сөзсіз. Солардың арасында – қолмен енгізуді алып тастау, фото мен қағазға жазылғандарды басқару (құжаттық дәлелдемелер), ақпараттарды іздеу мен жіберуге кететін күш-жігерді айтарлықтай төмендету (апта орнына санаулы минуттарда), бұзушылықтар туралы бастапқы деректер сапасын арттыру, жазылған жазбаларды жоғалту тәуекелдерін жою, деректерді қайта енгізуді болдырмау (электрондық және қағаздық тасығыштарды), тексерістерде, инспекцияларда, аудиттерде анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау.
Бұдан басқа, осындай жүйе сәйкессіздіктің периметрлік қамту аумағын кеңейтіп, қауіптер мен тәуекелдерді анықтауға аса сапалы қамтамасыз етеді.
Толықтай алғанда, компания құрамына 572 филиал мен кәсіпорындар кіреді. Олардың басым көпшілігі орталықтан және бір бірінен айтарлықтай алшақтатылған. Осындай үлкен шаруашылықта жаңа әдістеме кезеңімен енгізілуде.
«Өндірістік қауіпсіздік» автоматтандырылған интеграцияланған жүйесінде Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық диалогы» модулын іске қосу кестесі құрылды. Компанияның орталық аппаратында мобилдік қосымшаларды жүктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ағымдағы жылдың 30 наурызында бастау алды, жоспар бойынша 120 мың жұмыскерді қамтыған жоба ағымдағы жыл мамырының екінші жартысында Ақтөбе өңірінде аяқталады.
Мобилдік қосымшаны AppStore іздеуіне KTZ HSE ISPB енгізу арқылы жүктеуге мүмкін болады.
«Қаз
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр
-
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады
-
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді
-
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады

