• Басты
  • "Цифрлық білім" жобасы қалай іске асады
30 Маусым, 2020 10:13

"Цифрлық білім" жобасы қалай іске асады

Бүгін үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Цифрлық білім" жобасын таныстырып, жобаның қай бағытта жүзеге асатынын баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

"Цифрлық білім" жобасы қалай іске асады

Министр Аймағамбетов ел президенті Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес "Цифрлық білім" ауқымды жобасын жүзеге асыруды ұсынды. 

"Жобаның қандай ерекшелігі бар? Жоба негізгі үш бағытты қамтиды. Біріншісі - базалық цифрлы құзырет. Бұл барлық азаматқа бағытталған. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына күнделiкті өмір үшiн қажет IT құралдарды пайдалану, цифрлық ортaда бағдарлау, қaрапайым ІТ өнімдерін жасау сияқты дағдылар кіреді. Екіншісі - мамaндандырылған ІТ-кадрларды даярлау. Нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, ІТ саласын терең игерген 320 мың маман дайындау көзделіп отыр. Үшіншісі - басқа сала жұмыскерлерін IT құзыретпен ұйқастырып даярлау. Бұл ретте барлық саланың білім алушылары IT құзыретін өз мамандығымен қоса пайдаланатын деңгейде үйренеді", - деді министр.

Асхат Аймағамбетоватың сөзінше, медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңтану және басқа да салада оқитын студенттер осы цифрлық құзыретті игеріп, пәнаралық маман болып шығады.

"Осы жобаның нәтижесінде терең IT білімі бар жаңа мамандар дайындалады. Аталмыш жобаның аясында жыл сайын 400 мыңнан астам кадр "цифрлық құзыретке" ие болып шығады. Осылайша, 2030 жылы әр деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 миллионнан астам маман даярлайды», - деді Асхат Аймағамюетов.

Сонымен қатар министр цифрлық сауаттылықты 1-сыныптан бастап оқыту керегін атап өтті. 

"Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық  техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды, одан кейін 5 сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбінесе компьютер пайдалану, офистық қосымшаларды игеру сиақты қарапайым дағдылар беріп, жаңартуды тапап етті. Сондықтан, енді 2021 жылдан бастап, Цифрлы сауаттылық пәні 1-сыныптан бастап еңеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді, 3-сыныптан бастап STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздері оқытылады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар оның айтуынша, олар IOS, Android операциялық жүйелерін, және Python, С++ сиақты программалау тілдерін үйренеді.

"Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT –лицей ашылды, 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды", - деді министр.


Бұдан бөлек, министр оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеттері ашылғанын атап өтті. 

"Сабақтан тыс үйірмелерде балалар роботтарды программалауды, 3D-printing оқып үйренуде. Дегенмен, бұларды  әлі  жеткіліксіз деп есептеймін, және Алем, Квант алдыңғы қатарлы мектептердің үлгісі бойынша арнайы программалау мектептерін әр облыста ашу бойынша әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын. Педагогтер де IT сауаттылығын арттыру курстарынан өтетін болады. Соның ішінде IT пәнінен сабақ беретін ұстаздардың  робот техникасы мен бағдарламалау бойынша оқытудан өтуі маңызды", - деді Асхат Аймағамбетов.


Сондай-ақ колледждерде IT мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі ұлғайғанын айтты. 

"Жаңа жобаның шеңберінде әр облыста IT құзыреттілік орталығы ашылады. Орталықтар WorldSkills халықаралық стандарттарын іске асыру үшін әдістемелік, сараптамалық, жаттығу жұмысын ұйымдастырады. Биыл жаңа оқу жылынан бастап цифрлық сала үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жетекші колледждердің базасында жаңа мамандықтар атласына сәйкес 31 жаңа бағдармалар еңгізіледі. Жоғары білім беру жүйесінде IT  мамандығы бойынша 51 мыңнан астам студент оқиды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайуда. 326 кәсіптік стандарттардың негізінде ІТ бағыты бойынша 95% бағдарлама жаңартылды", - деді министр.


Бұдан бөлек ол осы қыркүйек айынын бастап бірнеше өзгеріс енгізілетінін атап өтіп, өзгерістерге тоқталды.

"Штатта ғана жұмыс істеу керек деген талап азайтылғанның арқасында өндірістегі мамандарды тартуға мүмкіндік пайда болдады, бұган қоса ғылыми дәрежесі бойынша талаптар да жұмсартылып енді осы ІТ саласының білікті мамандары университеттерде сабақ бере алып, кеңнен тартылатын болады", - деді министр. 2018 жылға дейін көбінесе 2 ақ  ІТ мамандығы: информатика, информатика және есептеу техникасы бойынша ғана даярлау жүргізілді. Өндірісте қолданылмайтын тілдерге үйрету мәселесі де болды өйткені академиялық еркіндік болмады. 2019 жылдан бастап университеттерге академиялық еркіндік берілді. Енді осы жобаның шеңберінде жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама еңгізіледі", - деді министр.


Сонымен қатар ол жүзеге асатын жаңа бағдарламаларға тоқталды. 

"Үлкен деректерді талдау, киберқауіпсіздік, робототехникалық жүйелер, жасанды интеллект (VR/AR) секілді жобалар іске қосылады. Маңыздысы пәнаралық бағдарламалар бойынша мамандарды  кеңнен дайындаймыз. Мысалы: Цифрлы криминалистика, Медицинадағы аддитивті технологиялар», «Жобалаудағы BIM-технологиялар», «Дәлме-дәл егіншілік» сиақты. Халықаралық тәжірибе негізінде жаппай ашық онлайн курстар жүзеге асырылады. Олар өте қолжетімді және жылдам жаңа дағды алуға қолайлы. «Қазақстанның ашық университетін» құрылды, ол тегін онлайн-курстармен білім беретін онлайн-платформа болып табылады. Бүгінгі таңда бұл платформаға еліміздің тағы 63 жоғары оқу орны қосылды", - деді министр. 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды