• Басты
  • Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар

Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар

26 Шілде, 2021 13:01

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов темір жол көлігімен контейнерлік транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Контейнерлік транзиттік тасымалдар

Көлік комитеті төрағасының орынбасары  2021 жылғы I жартыжылдықтағы қорытындыларымен таныстырды. Оның айтуынша, Пандемия енгізген өзгерістерге байланысты «есіктен есікке дейін» жүк тасымалын ұйымдастыру маңызды орын алған. 2013 жылы Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын жария етуінен кейін өзекті болған контейнерлік ағындар үшін күрес үрдісі жыл сайынғы өсімді көрсететін трансконтиненталдық тасымалдардың дамуына өз үлесін қосқанын жеткізді. Осыған байланысты соңғы жылдары транзиттік контейнерлік жүктер ағыны үшін күрес күшейтілген.

«Транзиттік елдер транзиттік дәліздердің тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдауда. Біздің еліміздің географиялық орналасуы Еуропалық Одақ елдері мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы жүк ағындары үшін бірегей транзиттік мүмкіндіктерді ұсынады», - деді Жәнібек Тайжанов.
Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның транзиттік хабқа айналуы бірқатар жобаларды іске асырумен қатар жүрген. Соның ішінде Орталық өңірлерді Батыспен Жезқазған - Бейнеу байланыстыру, Алматы – Шу учаскесінің өткізу қабілетін арттыру Алматы – Шу екінші жолдары, порт және терминал инфрақұрылымын құру Ақтау, Құрық порттары, "Қорғас" құрғақ порты, КЛО және Боржақты – Ерсай. 

Транзиттік тасымалдардың қазіргі көлемі

Оның айтуынша, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде транзиттік тасымалдардың қазіргі көлемі 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6 есе асады.

Сондай-ақ ол 2020 дағдарыс жылы транзиттік тасымалдағы контейнерлік тасымал 876 мың TEU құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32% -ға артқанын тілге тиек етті.

Оның мәлімдеуінше, жалпы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша контейнерлі жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау 36% артқан.Барлық трафикті ескере отырып, контейнерлік трафиктің көлемі 801 мыңнан астам TEU құраған. Оның ішінде транзиттік контейнер тасымалы 44% өсіммен 530 мыңнан астам TEU құраған.

«Оның ішінде транзиттік контейнерлік тасымалдар 44% - ға ұлғайып, 530 мыңнан астам ЖФЭ құрады.Жоспар ағымдағы жылдың соңына дейін 1 млн ЖФЭ құрайды», - деді Жәнібек Тайжанов.
Вагондар паркін жаңарту

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 1 млн 661 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда елімзде шамамен 8 мың бірлік фитингтік платформалар паркі бар. Осыған байланысты, министрлік вагондар паркін жаңартуға операторларды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап вагондарды сатып алуға несие беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралы енгізілген.

Көлік комитеті төрағасының орынбасарының мәлімдеуінше, мемлекеттік қолдау шеңберінде шамамен 5,5 мың жүк вагоны, оның ішінде 3,5 мың бірлік фитингтік платформалар сатып алынған. Олар контейнерлерді тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

5 халықаралық теміржол дәлізі

Жәнібек Тайжановтың дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 5 халықаралық теміржол дәлізі жұмыс істейді.

Теміржол дәліздері:

1. Трансазиялық темір жол магистралінің Солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа - Қытай, Корея, Жапония Ресей және Қазақстан арқылы (Достық – Нұр-сұлтан – Петропавл учаскесі).

2. Трансазиялық темір жол магистралінің Оңтүстік дәлізі: Түркия, Иран, ОА елдері және Қазақстан арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа-Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық - Сарыағаш учаскесі).

3. Орта Азия дәлізі. Орталық Азия-Ресей және ЕО елдері (ҚР бойынша Сарыағаш-Арыс-Қандыағаш-Озинки учаскесі).

4. ТРАСЕКА. Қытай-Қазақстан-Кавказ-Түркия-Румыния / Украина.

5. "Солтүстік-Оңтүстік" Дәлізі. Ресей Федерациясы-Қазақстан-Иран-Парсы шығанағы елдері-Үндістан.

Оның айтуынша, транзиттік тасымалдардың үлкен көлемі Орталық Азияны Ресеймен және ЕО елдерімен байланыстыратын Орта Азия дәлізіне тиесілі екен. Одан әрі Оңтүстік дәліз Оңтүстік Корея мен Қытай елдерінен Орталық Азияға бағытталған.

«Жыл сайын осы дәліз бойынша шамамен 7 млн.тонна транзиттік жүк жүреді. Солтүстік дәлізге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ол бойынша бүгінде Қытайдан Еуропаға және кері контейнерлік тасымалдардың өсуі байқалады», - деді Жәнібек Тайжанов.

Көлік комитеті төрағасының орынбасарының мәлімдеуінше, бірлескен көліктік – логистикалық компания-Ресей және Беларусь серіктестерімен құрылған контейнерлік альянс табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл соңғы 5 жылда Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдар көлемін 5 есеге арттыруға мүмкіндік берген.

Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ТРАСЕКА дәлізіне ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, бұл бағытта Транскаспий жүк тасымалын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатырғанын атап өтті. Осы дәліздің өткізу қуаты жыл сайын 300 мың контейнерге бағаланады екен.

Оның дерегінше, 2020 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша 8,1 мың контейнер тасымалданған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 9,4% – ға артық. Сондай-ақ, 2021 жылдың 6 айында 7,4 мың контейнер тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есе артық көрсеткіш.

Инфрақұрылымды дамыту

Жәнібек Тайжановтың айтуынша, қазіргі уақытта тасымалдау көлемін одан әрі арттыру мақсатында өткізу қабілетін жаңғыртуды және ұлғайтуды талап ететін " тар " орындар айқындалған.

Соның ішінде, Қытай-Еуропа – Қытай бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізде Достық-Мойынты теміржол учаскесін электрлендіру және екінші жолдардың құрылысы жоспарлануда.

«Бұл жоба дәліздің өткізу қабілетін 5 есе арттырады, осылайша Қытайдан Еуропаға жыл сайын өсіп келе жатқан контейнер ағынын қамтамасыз етеді», - деді Жәнібек Тайжанов.

Сондай – ақ ол жиында қазіргі Сарыағаш өткізу пунктін "түсіруді" қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желісін салу жоспарланып жатырғанын айтып өтті.

Оның айтуынша, осы жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін 2 есе ұлғайтуға және Өзбекстанмен поездарды тәулігіне қабылдау мен өткізуді 26-дан 50-ге дейін ұлғайту, жүктерді тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік берген.

«Бұл жоба Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық ағымын қабылдауға мүмкіндік береді, осылайша Қазақстанның халықаралық нарықтардағы ұстанымын нығайтады», - деді Жәнібек Тайжанов.

Барлық жаңалықтар