• Басты
  • TrandyGo жобасының авторы: Мақсатымыз - қолөнер шеберлерін бір платформада біріктіру
1 Қазан, 2020 16:50

TrandyGo жобасының авторы: Мақсатымыз - қолөнер шеберлерін бір платформада біріктіру

Соңғы кезде қолмен жасалған бұйымдар кең таралуда. Мұның себебі қазір нарықта тауарлар бір-біріне ұқсас, ал адамдар ешкімде жоқ, ерекше дүниені алуға тырысады. Авторлық өнімдердің танымалдығы - олардың өзіндік ерекшелігі мен стилінде жатыр. Кей адам үшін хендмейд тауарлары өзін-өзі көрсету тәсілі. Сондай-ақ қолмен жасалған өнімдер достар мен туыстар үшін сыйлық ретінде сұранысқа ие. Осы орайда TrandyGO хендмейд-маркетплейстің негізін қалаушы Данияр Кашебаевпен авторлық бұйымдарға арналған платформасы жөнінде сұқбаттастық. Ол жобаны жасау идеясы қалай туындағаны туралы әңгімелеп берді, деп хабарлады Астана Хабтың баспасөз қызметі.

TrandyGo жобасының авторы: Мақсатымыз - қолөнер шеберлерін бір платформада біріктіру

Өз жобаңыз туралы айтып берсеңіз. Handmade-ке байланысты cтартапты құру идеясы қалай пайда болды? Сіздің қызметіңіз қалай жұмыс істейді?

TrandyGo - бұл қолмен жасалатын тауарларға арналған онлайн алаң, біздің мақсатымыз - барлық шығармашыл адамды бір платформада біріктіру.

Стартапты құру идеясы мен костюмге тапсырыс бергенде пайда болды. Ательеге келгенде манекендерде спорттық костюм, жемпір сияқты киімдерді көрдім. Киім өте ерекше болып көрінді, бұрын ондайды көрмедім. Ателье иелерінен заттарды қайда қойып, өнімдерін қайдан сатып алуға болатынын сұрадым. Тауарлар әлеуметтік желілер мен OLX арқылы сатылатыны таңғалдырды, өйткені қолмен жасалған заттарға арналған басқа сайт жоқ екен. Осыдан кейін қолөнершілер үшін сайт құру идеясы пайда болды.

Біз сайтты әзірледік, оны жақында іске қостық. Әрбір өндіруші тіркеліп, жеке кабинет ашып, тауарларды орналастырады. Интерфейс өндірушілер үшін де, сатып алушылар үшін де мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырыстық. Сайтта орналастыру тегін, тауарлардың санына шектеу қойылмайды. Біз тек тауарды сатудан 10% комиссия аламыз. Кейін мобильді қосымша ұсынылады.

Қазір сайтта негізінен әшекейлер бар, балалар ойыншықтары, киім, әмияндар, қолдан жасалған қобдишалар сияқты басқа санаттар біртіндеп қосылады.

Сайтты айына қанша адам қарайды?

TrandyGo.kz сайты тамыз айында іске қосылды, айына 500-ден аса кіру болды. 15 өндірушіден 150-ден аса тауар атауы бар. Банк карталарынан төлемдерді қабылдау жақында орнатылды, сәйкесінше сату енді басталды. Толық жұмыстың алғашқы екі аптасында 100 мың теңге көлемінде кіріс алдық!

Командаңыз туралы айтып берсеңіз.

Командада 5 адам бар. Әркім жобада өз бағытымен айналысады.

Сіздің өніміңіз бәсекелестерден несімен ерекшеленеді?

Бүгінгі таңда біздің тікелей бәсекелестеріміз Etsy болып тұр, олар да біз сияқты қолөнер шеберлеріне арналған алаң ұсынады. Олар АҚШ-та орналасқан және ішкі нарыққа бағытталған. Ал біз ТМД және Еуропа елдерінің нарығына бағытталғанбыз.

Болашаққа қандай жоспар бар?

Жоба бірінші кезекте Қазақстан мен ТМД қолөнершілеріне бағытталған, бірақ болашақта жобаны әлемдік деңгейде кеңейткіміз келеді.

Неліктен Astana Hub акселерация бағдарламасына қатысуға шешім қабылдадыңыз?

Astana Hub акселерация бағдарламасы бізге жаңа білім мен дағдылардың арқасында жобаны толық көлемде іске асыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Бұдан басқа, біздің идеямызға қызығушылық танытатын және біздің командаға қосылғысы келетін пікірлестерді табу мүмкіндігіне сенеміз.

Барлық жаңалықтар
// (function(m,e,t,r,i,k,a){m[i]=m[i]||function(){(m[i].a=m[i].a||[]).push(arguments)};m[i].l=1*new Date();k=e.createElement(t),a=e.getElementsByTagName(t)[0],k.async=1,k.src=r,a.parentNode.insertBefore(k,a)})(window, document, "script", "https://mc.yandex.ru/metrika/tag.js", "ym");ym(34776295, "init", {clickmap:true,trackLinks:true,accurateTrackBounce:true,webvisor:true,trackHash:true});//