• Басты
  • Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады
23 Маусым, 2020 17:23

Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады
– Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді. Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген.

– Сіздің саяси жаңаруға бағытталған реформалық, өршіл бағдарламаңыз ерекше мақтауға лайық. Халықтың Үкіметке деген сенімін арттыру, гүлденген және серпінді қоғамның негізгі іргетасы саналатын бостандықтарды қорғауды күшейту бойынша алға қойған мақсаттарыңызды Америка Құрама Штаттары қолдайды. Біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің аясында осы бастамаларды іске асыруда әрдайым Сізбен серіктес болуға дайынбыз, – деді Дональд Трамп.
Содай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тілеген.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды