• Басты
  • Тойларға шақыру алып жүрмін - Е.Елеукен
2 Шілде, 2020 13:17

Тойларға шақыру алып жүрмін - Е.Елеукен

Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекеттік комиссияның отырысы өткен жиында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шара қаралды. Осыған байланыты нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынып, азаматтардың жүріп-тұруына шектеулер қойылды. Осы орайда "Тамаша" телеарнасының директоры Есен Елеукеннің пікірін білген едік. Ол қазіргі жағдайға қарамастан, халықтың той тойлауды тоқтатпағанын, өзінің әлі күнге шақыру алып тұратынын жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Тойларға шақыру алып жүрмін - Е.Елеукен

Ол қазақстандықтарды үкімет карантин енгізбесе де, санитарлық талаптарды сақтау шақырды.

"Дәл қазіргі сәтте оқшаулану қажет. Үкімет бүгін 5 шілдеден бастап карантин болатынын айтты. Үкімет айтпаса да, халық сақтық шараларын ең әуелі өз денсаулықтары үшін сақтау қажет. Мынадай жағдай болып жатса да, тойға шақырулар алып жүрмін. Дәл қазір той тойлайтын кезең емес, өкінішке орай. Қуаныштың болғаны жақсы ғой, бірақ оны тойлауды ысыра тұрған жөн", - деді мекеме директоры.
Сонымен қатар ол осындай қиын кезеңде басын қатерге тігіп жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
"Өзімнің денсаулығым қалыпты. Бұрыннан көп жаяу жүрем, барынша дұрыс тамақтанамын, иммунитет көтеруге талпынамыз. Қазақстандықтардың денсаулығы үшін күні-түні өз денсаулығын қатерге тігіп жүрген барша дәрігерлерге алғыс білдіремін", - деді Есен Елеукен.
Барлық жаңалықтар