- Басты
- Жаңалықтар
- Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Токио-2020 XXXII жазғы олимпиада ойындарының қорытындысы баяндалды. 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода кезекті Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 324 спортшы қатысқан. Спорттың 45 түрінен 339 жүлде сарапқа салынған. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов спорт түрлері бойынша бюджет қаражаты туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Спорт түрлерін қаржыландыру
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың айтуынша, спорт түрлері бойынша бюджет қаражатының ашықтығын және теңгерімделген бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы спорт саласындағы заңнамаға «спорт түрлерін саралау» ұғымы енгізілген. Саралау рәсімінің қорытындылары бойынша, келесі екі жылға арналған басым спорт түрлерінің тізбесі бекітіледі. Ол тізбе спорт түрлеріне бюджет қаражатын бөлу кезінде негіз болып табылады.
Саралау көрсеткіштерін анықтауа жарыстарда осы спорт түрі бойынша спортшылардың спорттық жетістіктері, кадрлық әлеуеттің болуы, материалдық-техникалық базаның болуы, спорт түрі ерекшеліктерінің өңірдің климаттық жағдайларына арақатынасы қаралады.
Нәтижесінде спорт үш негізгі топқа бөлінеді. Біріншісі - дамыған спорт түрлері, екіншісі - әлеуеті бар, үшіншісі - даму әлеуеті төмен.
«Осылайша, қазіргі уақытта спортты қаржыландыру моделі әзірленді, ол қаржы қаражатын республикалық деңгейде объективті бөлуге кепілдік береді», - вице-министр.
Сондай-ақ ол жергілікті атқарушы органдар еліміздің көптеген аймақтарында спорт түрлері бойынша бюджет қаражатын бөлген кезде саралау нәтижелері тиісті деңгейде сақталмайтынын жеткізді.
Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау
ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюковтың сөзінше, алдағы апталарда ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті республикалық федерациялармен әрі мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе олимпиадада ұлттық құрама командалардың нәтижесі мен дайындығына қатысты талдау жұмысын жүргізіледі.
Оның дерегінше, 10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары олимпиада ойындарына қатысу бойынша тыңғылықты есепті ұсынатын болады. Ол жерде спортшылардың нәтижелі немесе нәтижесіз өнер көрсетуі мәселесіне қатысты талдау жасалады екен.
«Қыркүйектің соңына қарай біз соңғы қорытындыны шығарамыз. Осыдан кейін қателіктерді түзету мен келесі олимпиадалық циклге дайындық жұмыстары басталады», - деді ол.
Ол Токиоға жақсы команда барғанын алға тартты. Сондай-ақ, нәтижеге қарамастан, спортшыларды мақтан тұтатынын айтып өтті.
«Олар пандамия жағдайында дайындықтың қиын кезеңін еңсерді. Оларға дейін ешкім де осындай ахуалға тап болмады», - деді Андрей Крюков.
Оның мәліметінше, 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода кезекті Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 324 спортшы қатысқан. Спорттың 45 түрінен 339 жүлде сарапқа салынған.
«Барлығы 93 ел медаль жеңіп алды, оның ішінде Қазақстан да бар. Ұлттық құрамаға 98 лицензия жеңіп алған 97 спортшы енді. Біздің спортшылар 85 медаль үшін таласты», - деді Андрей Крюков.
Ол осы олимпиада ойындарының бағдарламасына алғаш рет каратэ, скейтбординг, серфинг, софтбол, спорттық құзға шығу енгізілгенінін атап өтті. Сондай-ақ, пандемияға байланысты кейінге қалдырылған Олимпиада ойындары алғаш рет тақ жылы және стадиондарда көрермендерсіз өткенін еске саламыз.
Олимпиадағы жарыс нәтижесі бойынша спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медальға ие болдық. Нақтырақ айтар болсақ, Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло ауыр атлетикада, Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов – бокс, Дархан Асадилов пен Софья Берульцева - каратэ, Елдос Сметов – дзюдо, Нұрислам Санаев – еркін күрес. Алайда, алтын және күміс медальдар биыл болмады.
Сондай-ақ, Қазақстандық спортшылардың жазғы Олимпиада ойындарына қатысу тарихында 1996-2021 жылдар аралығында 72 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс, 36 қола медаль жеңіп алынды.
ҰОК Бас хатшысының айтуынша, алдағы аптада ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті республикалық федерациялармен, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Олимпиада ойындарында Қазақстанның ұлттық құрама командаларының көрсеткен өнері мен даярлығының нәтижелеріне талдау жасау бойынша жұмыс жүргізеді.
Олимпидадағы боксшылардың өнері
Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев бокстан ұлттық құрама тізімі толықтай өзгеруі мүмкін екендігін мәлімдеді.
«Қазір ұлттық құрамадан ешкім де кетпеді. Бірақ ұлттық құраманың Олимпиадаға (Токиоға) барған құрамы 80%-ға өзгереді. Өйткені бізде резерв, яғни өсіп келе жатқан жастар мен кәсіпқой бокста жүрген жігіттер де бар. Бәрімен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі таңда кәсіпқой бокста жүрген жігіттер келуге дайын», - деді ол.
Оның айтуынша, алдағы әлем чемпионатына жаңарған құрам баратын болады. Ендігі мәселе уақыт еншісінде екенін атап өтті. Өйткені, олардың қайсысы оқу-жаттығу жиындарына бірінші болып келуіне байланысты екен.
«Егер барлығы келетін болса, онда ұлттық құрам 70-80 пайызға ауысады. Осы орайда әлем біріншілігіне басқа құраммен барамыз», - деді Бақтияр Артаев.
Бапкерлер мәселесі
Ол осындай нақты қадамдар жасау керектігін алға тартып, дайындық тәртібін өзгерту керектігін жеткізді.
«Өйткені күніне үш мезгіл дайындықтың өзі спортшыларға өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан дайындық кезеңі өзгеруі ықтимал. Бұдан бөлек, бапкерлер мәселесін қарастырамыз. Алдағы әлем біріншілігінде жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын», - деді Бақтияр Артаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда нақты шешімдер қабылдануда. Сондай-ақ, бокстың ахуалына тоқталып өтті.
«Ешкім ешкімді ақтамайды. Жігіттер қолынан келгенін істеді. Шын мәнінде, жүйелі жұмыс жасалды. Барлық жарыстарға барды, оқу-жаттығу жиындары өтті.Өкінішке орай, екі қола алдық, Риодағыдай нәтиже болмады, онда бір алтын, екі күміс, екі қола болды», - деді Бақтияр Артаев.
Сондай-ақ, ол қазан айында Сербияда Әлем біріншілігі өтетінін атап өтіп, соған байланысты ұлттық құраманың тізімін толықтай өзгерту керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, орталық коммуникациялар қызметінде ғаламтор желісінде Олимпиададан кейін Қазақстанның бокс құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевқа қатысты сын айтылып жатқаны туралы, сондай-ақ оның отставкасы жайында сұрақ қойылған болатын. Оған Бақтияр Артаев бұл сауалға жақын арада жауап берілетінін жеткізді.
«Бұл сұраққа біздің жауаптарымыз дайын. Шамалы күтсеңіздер, оған нақты жауап береміз, яғни бір аптаның көлемінде шамалы уақыт беріңіздер», - деді ол.
ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гузель Манюрова пайымынша, Токио Олимпиадасында спортшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне не себеп болуы мүмкін екеніне тоқталып өтті.
Оның айтуынша, бұл оның төртінші Олимпиада ойындары. Жағдай бойынша бәрі жақсы болды, көлікпен, тамақпен ешқандай мәселе болмаған. Әлемдік пандемиядан үлкен шектеулер болғанын атап өтті. Сондай-ақ, мұндай форматта өткізілген алғашқы Олимпиада ойындары екенін алға тартты.
Оның айтуынша, жеңіліс табуға жарыс кестесінің өзгеруі де себеп болуы мүмкін.
«Күрестен жарыс кестесі өзгертілді. Жеңіл салмақ әдетте боз кілемге басында, ауыр салмақтар соңында шығатын. Бұл да әсерін тигізді. Жалғыз айтарым: алдымен өте жеңіл салмақтағы спортшыларды жібергенде, бәрі басқаша болатын еді», - деді Гузель Манюрова.

-
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Коронавирус жұқтырған нәрестенің жүрегіне ота жасалды
-
Биылғы 4 айда елімізде құрылыс саласында 845 сараптама жасалды
-
Алматы былғары зауытында былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды
-
Тоқаев ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындыларымен танысты
-
Жарты жылда 63 экспорттық келісімшарт жасалды - Б.Сұлтанов
-
Қазақстанда сақтандыру мәртебесін анықтайтын плагин жасалды
-
Үкімет отырысы: Халықты цифрландырудың жол картасы жасалды
-
Шетелге шығатын қазақстандық азаматтарға арналып «SmartTravelKZ» мобильдік қосымшасы жасалды
-
Қазақстандық инвестициялық форумда қандай келісімшарттар жасалды
-
Алматыда 2022 жылға дейін инвестиция тартудың Стратегиясы жасалды
-
Биыл Қазақстанда 139,5 млрд теңгеге 116 МЖӘ келісімшарты жасалды

