- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларының кездесуі онлайн режимінде өтіп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жиынды ашқан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһанды жайлаған пандемияның бұған дейін кездесуге мүмкіндік бермегінін тілге тиек етіп, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып өтті.
«Өкінішке орай, бір жарым жылдан астам уақыт бойына пандемия біздің бетпе-бет кездесуімізге кедергі болды. Дегенмен, әлемді жайлаған індеттің біздің бірлескен жұмысымыздың сапасына әсер етпейтіндігін атап өткім келеді. Біздің елдерімізде жүзеге асырылып жатқан вакциналау және басқа да шаралар жақын уақытта жағдайды қалыпқа келтіруге көмектесетіне сенімдімін. Сондай-ақ, біз келесі кездесуді дәстүрлі форматта өткіземіз деп үміттенемін», - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ел президенті сонымен қатар, пандемияның салдары, карантин шаралары жаһандану процесін тоқтатты, әлемдегі экономикалық тәртіптің құрылымына өзгеріс әкелгенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргідей жағдай әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстарды да қиындатып отыр.
«Әлемдік қауымдастық алдында жаңа және күрделі мақсаттар мен міндеттер тұр. Пандемия әлемнің және елдегі денсаулық сақтау жүйесінің осал тұстарын көрсетіп берді», - деді мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия экономиканың жекелеген салалары, нақтырақ айтсақ, фармацевтика өнеркәсібі, медициналық қызметтер секторы, биоинженерия және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына серпін берді.
«Біз алдымызда тұрған шұғыл мәселелердің бірі экономикалық дағдарыс салдарының шешу жолын тауып, экономикалық дамуды қалпына келтіру мақсатында тиімді шешім табуымыз керек»,- деді мемлекет басшысы.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәселеге ерекше назар аударуды ұсынды.
«Біріншіден, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалығына орай менің Жолдауымда біздің интеграциямызды дамытудың бес басымдығы айқындалды. Олар экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бүгінгі жағдаймен байланысты. Біз одақ тарихындағы алғашқы стратегиялық құжатты жүзеге асыруға кірістік», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, аталған стратегия орта мерзімді перспективада экономиканың барлық салалары мен халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтарын алдын-ала анықтады. Сондықтан Одақтың даму Стратегиясын сапалы әрі жедел іске асыруды қамтамасыз ету маңызды екенін баса айтты.
«Екіншіден, тұрғындар арасында коронавирустың таралуын төмендету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл бірінші кезекте халықты жаппай вакциналаумен байланысты. Биыл ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының халықын ресейлік «Спутник V» препаратымен вакциналауды белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл препараттың өндірісі біздің елде де жолға қойылғанын атап өткен жөн. Бұл табысты ғылыми және өндірістік ынтымақтастықтың жарқын мысалы. Мұндай тәжірибені басқа салаларда кеңейту және енгізу әбден мүмкін», - деп толықтырды Тоқаев.
«Сонымен қатар, барлық болжамдарға сәйкес, ковид ауруы маусымдық сипатқа ие болады. Вируспен күресте тек азаматтарға вакцина салу тәсілі ғана тиімді болмақ. Біз осы саладағы ынтымақтастық жалғастыру өте маңызды деп санаймыз », - деді президент.
Бұдан бөлек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жолында елдер арасындағы сауда саласындағы да бірқатар проблема шешу қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, локдаун енгізліген тұста мәселер қатары артты.
«Сауда-экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты кедергілер өздігінен шешілуіне алаңдаушылық бар. Бұл шектеулер сауда-экономикалық қатынастардың дамуына зиян тигізеді, Одақтың өсуі мен даму әлеуетін шектейді. Қазақстан, Одаққа мүше басқа елдер сияқты нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітусіз жағдай жасауды қолдайды », - деп толықтырды ол.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы комиссияның проблемалармен күресу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Дегенмен, күрес шаралараның тиімсіздеу екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарымен күрес. Экономикалық интеграцияға жауап беретін министрліктер профилактикалық, былайша айтқанда, одақтық позицияны білдіруі керек екенін баса айтып өтті.
Ол сондай-ақ, кедергілерді бақылаудың ұлттық жүйелерін құру және заң одағының ішкі ережелерінің сақталуы туралы ойлану керек екенін де атап өтті. Мемлекет басшысының пайымынша, бұл жерде Комиссия кеңесі мүшелерінің, премьер-министрдің орынбасарлары мен үкіметтердің рөлі маңызды.
Бұдан басқа, президент БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 2020 жылдың соңында әлемдік азық-түлік бағасы соңғы 3 жылмен салыстырғанда ең жоғары көрсеткішке жеткенін атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері азық-түліктің әлемдік индексі 116 тармақты құраған. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныстың 35% -дан астамға өсетіні болжанып отыр. Бұл президенттің сөзінше, алаңдаушылықты тудырмақ.
Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушы елдердің әрқайсысының азық-түлік өндірісі көлемін ұлғайтуға әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ішкі нарықты қорғаудың шектеулі шаралары агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын және азық-түлік тапшылығын тежеуге әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы ЕАЭО аясында сауда-логистикалық және көтерме тарату орталықтары жүйесін құруды ұсынды. Оның мәліметінше, Қазақстан Өзбекстанмен бірге Орталық Азияда халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жөніндегі бірлескен жобаны іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті.
«Орталық Батыс Еуропа - Батыс Қытай стратегиялық магистралінің бойында орналасады, бұл өзара транзиттік сауданың өсуін қамтамасыз етеді, сауда ағындарын ақтауға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», - деді ол.
Осылайша, мемлекет басшысы Одақтың барлық елдерімен осындай бірлескен инфрақұрылымды бірлесіп дамытуды ұсынды. Одақ шеңберінде сауда-логистикалық және көтерме тарату орталықтарының жүйесін құру да үлкен маңызға ие екенін еске салды.
«Мұндай жүйе біздің елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдайды, шығындарды, сәйкесінше негізгі өнімдерге бағаны төмендетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар көлемін ұлғайтып, Одақтың бірыңғай ауылшаруашылық және азық-түлік нарығын құру міндеті тұр.
«Озық және инновациялық технологияларды енгізу, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыру үшін біздің агро-ғылыми мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту қажет », - деп толықтырды президент.
Осыған байланысты, мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына экспорттауды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерді күшейту қажеттігін баса айтты. Оның айтуынша, комиссияға осы бағытта егжей-тегжейлі және нақты ұсыныстар дайындауды тапсыру қажет.
Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жиында ЕАЭО елдерінің басшылары бүгінге дейін жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы, оның ішінде елдің ішкі нарығындағы кедергілерді жою туралы ұсыныстарымен бөліспек. Сонымен бірге, халықаралық қызметтің 2020 жылға арналған негізгі бағыттарын іске асыру мәселелері де талқыға түспек.
Сонымен қатар, ЕЭК мүшелері 2021–2022 жылдарға арналған мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары, медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық заттарды өндіру саласындағы ынтымақтастық және басқалары туралы мәселелерді қарастырмақ.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
-
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр
-
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

