- Басты
- Жаңалықтар
- Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
Бүгін Беларусь Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің отырысы бейнеконференция режимінде өтуде. Жиында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Достастық елдеріне сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырып, оған деген көзқарасты қайта қарастыруды ұсынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезектегі міндет сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және арттыру екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың деректері бойынша ТМД мемлекеттерінің ішкі өңірлік тауар айналымы $91 млрд астам немесе әлемдік сауда деңгейінің тек 0,5% - ын құрайтынын жеткізді.
«Бұл ретте Достастық елдерінің өзара сауда үлесі біздің мемлекеттеріміздің сыртқы әлеммен жалпы тауар айналымының шамамен 20% - ын алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық байланыстарды айтарлықтай арттыру үшін зор әлеуеттің бар екенін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өзара іс - қимылдың ағымдағы тәсілдерін қайта ойластыру және жетілдіру бойынша бірлескен үлкен жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді.
Сондай-ақ, ел президенті ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара тануды жеделдетуді ұсынды. Оның сөзінше, бұл қоғамдастық кеңістігінде азаматтардың еркін қозғалысын жандандыруға ықпал етеді.
«Бұл өзара сенім мен ынтымақтастықтың маңыздылығы. Осындай шешім қабылдай отырып, біз азаматтардың еркін жүріп - тұруын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз», - деді ол.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізуге кіріскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі заман қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруді талап етеді. Осы орайда, саладағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары әскери ынтымақтастық тұжырымдамасында, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі сыртқы шекараларда қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бағдарламада белгіленгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ауғанстандағы қиын гуманитарлық жағдай бүкіл халықаралық қоғамдастықтың назарында болу қажеттігін жеткізді.
«Бұл ретте жүргізіліп жатқан жұмыста терроризмнің, діни экстремизмнің, есірткі саудасының өсіп келе жатқан қатерлеріне бірлесіп қарсы тұру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Бұл қатерлер Ауғанстандағы қалыптасқан ахуал аясында аса маңызды мәнге ие болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, ол жиында ТМД-да өнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Оның айтуынша, өнеркәсіптік кооперациясын кеңейтуге, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар құруға, шаруашылық субъектілерінің өндірістік байланыстылығы мен тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етуге негізгі назар аудару қажетілігіне тоқталып өтті.
«Бұл үшін кемінде 2025 жылға дейін қолдаудың нақты тетіктері мен құралдары бар өнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, сауда-инвестициялық қызметті нығайтуда сауда қызметтері туралы келісімге қол қою да қосымша мүмкіндіктер ашады. Осы орайда, маңызды құжатты келісу процесін жеделдету қажет деп санайды. Сонымен қатар, ортақ аграрлық нарық құру мәселесі де өзекті екеннін жеткізді.
«Ауыл шаруашылығы секторындағы кооперацияны тереңдету азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымдарды дамытуға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда ТМД мемлекеттерінің азық-түлік жүйесінің өзара іс-қимылын дамыту стратегиясын әзірлеу біздің ортақ мүддемізге жауап бере алар еді», - деді мемлекет басшысы.

-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын
-
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру
-
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді
-
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр
-
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы
-
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық
-
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады
-
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда
-
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар
-
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы
-
Елордадағы эпиджағдай: Жұқтырғандар саны, вакциналау барысы және егу пункттері
-
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады

